Достардың күлкілі SMS-хаттары

Достардың күлкілі SMS-хаттары

Құрметті әзілсүйер қауым, 1 сәуір - күлкі күніне орай шын достардың арасында жүретін SMS-хат топтамасын ұсынбақпыз!

-  Сәлем! Қалай жағдайың?
-  +
-  Универге бардың ба?
-  -
- Неге? Оқудан шығарып жіберсе қайтесің?
-  =
- Cен немене, калькуляторға интернет орнатып алғансың ба?

******


- Қай жерге кеп қалдың? Үйден шығып кеттің бе?
- Міне, жолдамын. Кептеліс...
- Ооой, үйден бір дәптерімді әкеле салшы дейін деген едім...
- Ештеңе етпейді, ап шыға саламын ғой!

******


- Менде көп жаңалық бар. Бірақ жазуға ерініп тұрмын.
- Жазбай-ақ қойшы, оқуға ерініп тұрмын!

******


- Қашан келесің, болшы!
- Бес минуттан кейін кеп қаламын. Бес минуттан соң келмесем, осы SMS-ті бес минут сайын қайта-қайта оқи тұр!

******


- Жұмыста отырмын. Үйде үтікті тоқтан суырып кеттім бе, жоқ па есіме түспей отырғаны...
- Мен күн сайын үйден шығарда үйдегі бар розетканы суретке түсіріп кетем. Сосын жұмысқа келген соң сен сияқты есіме түспей жатса, бірден сол суреттерге қарай саламын.

******


- Не істеп жатсың?
- Өмірдің қызығымен айналысып...
- Тамақ жеп отырсың ғой?
- Иә!

*****


- Мен саған кешкісін хабарласамын, жарай ма?
- Кеш болды ғой!
- Кешірек!..

******


- Менің саған әңгімем бар еді...
- Тек маңызды болса ғана айтшы!
- Өте маңызды!
- Айта бер!
- Сен, мысалы, өзіңді ағашпын деп елестетіп көрші...

******


- Дос, радиодан айтып жатыр: жолда бір топас қарсы бағытпен ұшып келе жатыр дейді.
- Бір топас? Біреу емес, мыңы жүр!

******


- Неге ұйықтамай отырсың?
- Ойын ойнап отырмын.
- Ал мен қонақта отырмын!
- Кімнің үйінде!
- Сенің! Қасыңдамын!

******


- О, Құдайым-ай, бұл өмір неге сонша қатал?..  Неге мынандай нәзік жаратылыстар ұзақ өмір сүре алмайды? Олардың да өмір сүргісі келеді ғой... Енді қайтемін?..
- Не боп қалды, досым?!
- Жұмыртқа қуырғам, асты күйіп кетті...

******


- Ұйықтап қалдың ба?
- Иә...

Сурет: Қуаныш Пердебаев

Ұқсас жазбалар: 

1 сәуірге арналған қызықты хаттар

Көңілге қонымды әзіл-қалжыңдар

Оқушылар туралы әзілдер

Өмірде болған қызықты оқиғалар





ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

RaiM – 4 DONGELEK