Өмірдің шынайы әрі күлкілі заңдары

Өмірдің шынайы әрі күлкілі заңдары

Өмір түсінген адамға - трагедия, түсінбегенге - комедия дейді. Расымен де, бір ситуацияның әр адамға түрліше әсер ететін қабілеті бар. Олай болса, өмірдің шынайы әрі күлкілі заңдарымен таныс болыңыздар. 

1. Кан мен Орбенннің аксиомасы

Егер еш нәрсе көмектеспесе, инструкциясын оқыңыз!

2. Янг заңы

Барлық ғылыми жаңалықтар болмашы қателіктің нәтижесінде ашылады.

3. Мескимен заңы

Жұмысты ойдағыдай жасау үшін уақыт жоқ, бірақ қателікті түзетуге уақыт табылады.

4. Фингейлдің сегізінші заңы

Командада жұмыс істеу өте маңызды. Ол кінәні өзгеге таға салуға көмектеседі.

5. Лерманның тергеуі

Сізге әрдайым уақыт немесе ақша жетпейтін болады.

6. Мэрфидің ғылыми зерттеулер заңы

Өзіңіздің теорияңызды растау үшін қажетті мөлшерде зерттеу жүргізуге болады.

7. Эттордың бақылауы

Жаныңызда тұрған кезек әрдайым сіздікіне қарағанда жылдам қозғалады.

8. Сегал заңы

Бір ғана сағаты бар адам сағаттың қанша екенін нақты біледі. Ал бірнеше сағаты бар адам еш нәрсеге сенімді емес.

9. Ричард заңы

Сіз ұзақ уақыт бойы сақтап келе жатқан затты лақтырып жіберуіңізге болады. Ал лақтырған кезде, ол сізге бірден қажет болады.  

10. Шұжық принціпі

Шұжықты жақсы көріп, заңды құрметтейтін адамға аталған екеуінің де қалай жасалатынын көрмей-ақ қойғаны дұрыс.

11. Хариссон пастулаты

Әрбір іске өзіне лайық сын табылады.

12. Дрю профессионалды практикасының заңы

Бәрінен де аз ақша төлейтін адам, бәрінен көп шағым айтады.

13. Ван Ройдың заңы

Сынбайтын ойыншық өзгелерін сындыру үшін қажет.

14. Іздеу заңы

Іздеу жұмыстарын ең лайық емес деп танылған жерден бастау керек.

15. Банан ұстанымы

Әлі пісіп үлгермеген банан сатып алсаңызда, піскенін алсаңыз да сіз жеймін дегенше бұзылады.  

Дайындаған: Томирис Сағындық

Сурет авторы: Ерлан Қыдыров (өңделген) 

Қ. Бүйенбай