Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Езутартар / Өмір деген қызық қой...

Өмір деген қызық қой...

Өмір деген қызық қой...

"Поле чудес" бағдарламасына шымкенттік бір қазақ қатысады. Көп ұзамай кезегі келіп жетеді. Сонда Л. Якубович оған:

– Әлемге танымал әрі бүкіл Қазақстан білуге міндетті спортшыны білесіз бе? - деген екен.

Әлгі шымкенттік бауырымыз ары ойланып, бері ойланып, желкесін қасып тұрып:

– Өлә, шеше, - дегенде,

Леонид Аркадьевич бірден:

– Правильный ответ! Это – Ольга Шишигина! - деген екен.

                                                       CoolCoolCool

Екі үйленген жігіт сырласып отыр екен...

– Достым, айтшы, бұл дүниеде үйленіп, рақаттанған бақытты еркек бар ма? - дейді бірі.

– Бар ғой!

– Ол кім?

– Адам Ата!

– Ол не үшін бақытты?

– Қайын енесі жоқ!

                                                          CoolCoolCool 

Бір ер кісі дәрігерге жүгінеді:  

– Дәрігер, мен темекіні тастай алмай жүрмін.

Дәрігер:

– Темекенің қандай түрін шегесіз?

Жігіт:

– Әртүрлі.

Дәрігер:

– Алдымен темекінің бір түрін ғана шегуге көшіңіз...

Жігіт:

– Сонда мен енді бір еркектің артынан күні бойы қалмай жүру керекпін бе?

                                                          CoolCoolCool

Ұйықтап жатқан МАИ қызметкері жиі ұйқысырап:

– Камаз, камаз! - деп оянады екен.

Осындайда әйелі атып тұрып:

– Камаз іші бос, бос! - деп жатқызатын көрінеді.

                                                          CoolCoolCool

 

Соқыр мен сау әңгімелесіп отыр:

– Аға, сіздің көзіңізге не болды? - деп сұрайды сау.

Сонда соқыр:

– Бірде көшеде келе жатсам біреулер қақпадағы бір тесікке сығалап қарап жатыр екен, мен де барып сол тесікке қарай салып едім, арғы жағынан біреу көзімді шұқып алды, - деп жауап береді.

– Ал екінші көзіңізге не болған еді? - десе:

– Кім шұқығанын қарайын деп едім... - деп жауап беріпті.

                                                              CoolCoolCool

Жындыханада дәрігерлер дуалға автобустың суретін салып:

– Ал мініңдер, кетеміз! - дейді екен жындыларға.

Оны естіген жындылар бас салып жүгіре бастайды. Бір жынды ғана жүгірмей орнында тұра беріпті. Дәрігерлер жындының қасына келіп:

– Сен неге жүгірмейсің? – депті. 

Сонда әлгі жынды:

– Қойшы, адам көп қой! Мен таксимен барамын! - деген екен.

                                                             CoolCoolCool

Хал үстінде жатқан шалы кемпіріне:

– Кемпірім-ау, бүгін-ертең ана дүниеге өтіп кететін сияқтымын. Өлмей жатып біліп кеткім келеді. Шыныңды айтшы, менің көзіме қанша рет шөп салып едің? – дейді. 

Кемпірі тыңдап отырып:

– Шал-ау, айтарын айтам ғой, өлмей қалсаң қайтем? - деген екен.

                                                             CoolCoolCool

Күндердің күнінде студент жігіт бір қызды қыдыртуға алып шығады. Көше бойында екеуі серуен құрып келе жатыр. Екеуінің де қарындары аш, ақшалары жоқ. Сөйтіп келе жатып, тамақ пісіріп жатқан шәйхананың жанынан өтеді. Қыз сәлден соң, шәйханаға отырғызып қалар деген үмітпен:

- Шәйхананың иісі қандай тамаша! – дейді.

Сонда жігіт еш кідірместен:

- Ұнап қалды ма? Ендеше кеттік, қайтадан бір өтейік, - деген екен.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: desktopwallpapers.org.ua 

13
Рейтинг: +5

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 26 желтоқсан 2013, 11:24
Пікірлер
+0
26 желтоқсан 2013, 12:35

қайтадан бр өтейік... :cry: :cry:

+0
26 желтоқсан 2013, 12:44

:idea:

+0
26 желтоқсан 2013, 13:08

дәрігер мен еркек ? не прикол ?

+0
26 желтоқсан 2013, 15:05

:D енді жігіттер темекіні әркімнен сұрап алып жүре береді ғой)

+0
26 желтоқсан 2013, 15:07

:cry: :cry: :cry: aй омир деген кызыккоо ;)

+0
21 қаңтар 2014, 21:03

:idea: :idea: :idea: :idea: :idea: :idea: :idea: :idea: :idea: :idea: :idea: :idea: :idea:

+0
02 ақпан 2014, 20:12

:D :D :D :cry: :cry: :cry:

+0
06 ақпан 2014, 00:42

Кім шұқығанын қарайын деп едім... :cry:

+0
13 наурыз 2014, 01:12

өла шеше :cry:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.