Жауаптың қажеті жоқ, тек сұрақтар...

Жауаптың қажеті жоқ, тек сұрақтар...

Бұл дүниеде жауабы жоқ сұрақ қалмады деп ойлағанымызбен, адам ойы жүйрік қой. Күніне басында небір ойлар туындап, түрлі сұрақтар мазалайды. Әдетте креатив тек шығармашылықта пайдаланылатын еді, ұсынып отырған сұрақтарымыз өзінше бір креативке ие.

1. Неге лимонадты жасанды лимон шырынынан жасайды да, ал тазартқыш құралдарын – табиғи лимоннан?

2. Батареясы отырған пульттың батырмаларын неге қаттырақ басамыз?

3. Орамалдарды не үшін жуамыз, егер олармен әрдайым таза қолдарды сүртсек?

4. Тышқанның дәмі бар мысық тағамын неге шығармайды?

5. Егер Супермэн сондай мықты болса, іш киімін неге шалбарының сыртынан киеді?

6. Диснейлэндте Микки-Мауспен суретке түскенде, Микки-Маустың ішіндегі адам күліп тұра ма?

7. Егер сөз сөздікте қате жазылған болса, оны қайдан білуге болады?

8. Хамелеонның айнаға қарағанда түсі қандай болады?

9. Камикадзелер неге дулыға киеді?

10. «ШБ-дан» ірі әріптер бар ма?

11. Егер нағыз еркектер хоккей ойнаса, ән айтатын еркектер кімдер?

12. Неге халық қызметшілері әрдайым өз басшыларынан керемет өмір сүреді?

13. Екі рет өлердей шошытсаң не болады?

14. Қараңғы жылдамдығы қанша?

15. Жығылғанды жығылған тебуіне бола ма?

16. Жаным, бүгін жұмыста бір отырыс болады. Мені біреу кейінірек әкеп тастаса бола ма?

 17. Жаман бишілерге не кедергі болады?

18. Қалыпты адамның қарапайым адамнан қандай айырмашылығы бар?

19. Өз-өзіңді жеңу – бұл жеңіс пе, әлде жеңіліс пе?

20. Тау қопаруға болады, бірақ оны қайда жинайды?

21. Егер «Фейридің» бөтелкесіне 50/50 мөлшерде сұйық май құйса, қайсы жеңер екен?

22. Неге адам 1 келі конфеттен 5 келіге толып кетеді?

23. Үздік стоматологтар ұсынған тіс пасталарын пайдалану дұрыс па? Егер бұл адамдар біздің тісіміз жиі ауырғанын қалайтын адамдар болса.

24. «Темекі шегетін қызбен сүйісу – күлсалғышты жалаумен бірдей» деген адам күлсалғышты не үшін жалаған?

25. Қызық, неге адамдар ажырасқанда себебін сұрайды да, ал үйленер кезде сұрамайды?

26. Балериналар неге жанын қинап аяқтарының ұшымен билейді?

Сурет: www.miti.gov.my

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina