Әйелінің ауруын жеңілдету

Әйелінің ауруын жеңілдету

Күйеуі әйелін перзентхананың алдында күтіп тұр. Бірде шипагерлердің бірі оның қасына келіп оған: «Бізде жақында бір жаңалық ашылды, сіз әйеліңіздің босануына көмектесе аласыз» деді.

Ол таңғалып: «Қалай көмектесемін?» деп сұрады.

Шипагер оған: «Біздің перзентханада бір құлтемір дүниеге келді, ол әйеліңіздің босанған сәттегі ауыру азабын сіздің бойыңызға көшіріп, оның ауыруын жеңілдете алады» деді.

Күйеуі бұған қуанғанымен, сәл алаңдап қалды.

Дәрігер мұны сезіп: «Алаңдамаңыз, біз ауыруды көшірудің салыстырмасын бақылап отыра аламыз» деді.

Олар әйелі жатқан бөлмеге келді. Күйеуі алдымен 10 пайыз ауыруды көшіруін сұрады.

10 пайыз ауыру көшті. Дәрігер әйелдің күйеуіне бұл шаманың өзі оның өмірінде көрген барлық ауырулардан да ауыр екенін айтты. Бірақ, күйеуі ешқандай да ауырудың азабын сезінбегенін жеткізді.

Дәрігер оның талабы бойынша 50 пайызға көтерді. Әлі де ешқандай ауыру азабын сезген жоқ. Сосын бірден 100 пайыз ауырлықты, бүкіл босану азабын өз мойынына алатындығын айтты.

Әйелі ешқандай қиналмай-ақ олардың балаларын өмірге әкеледі. Олардың қуанышында шек жоқ еді.

Мәре-сәре болып өз шаңырақтарына бет алып, есік алдына келгенде көрші үйдегі отағасының ауыр азап ішінде көз жұмғаны жайлы естіді.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: cn-blood.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абай философиясы
Абай философиясы
“Абай жолы” эпопеясының видеосаммариі жарық көрді
“Абай жолы” эпопеясының видеосаммариі жарық көрді
Абай шығармашылығын зерттеушілер
Абай шығармашылығын зерттеушілер