Көше төбелесінде өзіңді қалай ұстаған дұрыс?

Көше төбелесінде өзіңді қалай ұстаған дұрыс?

"Көше төбелесінің не керегі бар?!" деп отырған боларсыз. Көш ілгері жүрген заманда көше төбелесі өнерге айналып бара жатыр. Қалың қатпар мінезіңіз болса, төбелес техникасынсыз-ақ қарсыласты жығуға, итжығысқа көндіруге болады. Бас жарылмай, көз шықпай тұрғанда, үйге жетіп алуды қалайтын шығарсыз. Ендеше, көше төбелесін де ескере жүріңіз. Бүгін біз сіздерге көше төбелесіне керекті бірқатар қулық-сұмдықтарды тізе кететін боламыз.

Көше төбелесі бір ғана техникаға келіп тірелмейді. Оның үстіне, көше төбелесінде жүрген жандар ешқандай техникаға арқа сүйемейді. Көшедегі қорқыту сәтіндегі мінез-құлық техниканың емес, психологияның сұрағы. Мұны тәжірибемен білетін адамдар үнемі төбелес техникасы маңызды емес, бастысы психология деп ойлап қалып, адасуға еріп жатады. Көпшілік жағдайда көше төбелесіндегі көрініс осы...

Төбелесте ең бастысы – салқынқандылық сақтау. Егер айқайлап жату маңызсыз болса, онда күліңіз. Бірақ, жағымпаздана емес. Егер қарсылас осал болса, оны сырттың қатерімен қорқытып көріңіз. Мысалы: "Мұнда үнемі сақшылар жүреді", "Достарым келе жатыр". Қарсыласты төмендетпеңіз, оған "Кет әрі, сүмелек" деп айтушы болмаңыз. Өзіңіздің артықшылығыңызбен қорқытуға тырыспаңыз. 

Егер қарсылас сізден мықты болып жатса, аяқ асты шабуыл жасауға дайындалыңыз, ал егер қақтығыс төтенше болып жатса, бірінші болып бар күшіңізбен, еш аямастан ұрыңыз. Денедегі ең осал төрт жерді көздеңіз: мұрын, тамақ, көз, шап. Бос уақытыңызда ең аз дегенде каратэнің бір тәсілін үйреніңіз: осы бір бөліктерге кенеттен шабуыл жасап дағдыланыңыз (ерек күштің керегі жоқ!). Галстук немесе шаш дұрыстап жатқан болыңыз. Осындай амал-қулықпен қарсыласқа таман келіңіз де, дәл қимылмен жіберіп келіп қалыңыз. 

Шапқа дөп тию қиындау. Егер қарсыласыңыз ұзын етек киімде тұрса, тіптен, қиынға айналмақ. Аяғы өсіп жатқан тұсты аңғарып жатпастан, беттен ұрыңыз. Аффект күшті арттырады, бірақ, қимылды ебедейсіз етіп, ақылды топастандыра бастайды. Егер сізге техника жетпей, іс насырға шауып жатса - аффекті іске қосыңыз. Барлық қырыңыздан: жындылардан қорқады. 

Төбелестің жақсы техникасы – сілтеу мен соққы қайтару тұсындағы аффектінің кішкене қосылуы. Түсіп қалмайтын аяқ киім киіңіз – көше төбелесінде немесе қашқан кезде жоғалтып алмау үшін. Әдеттегідей, бауы бар аяқ киім болсын. Табан асты қатты болғаны дұрыс. Төбелесте ғана көмектесіп қоймайды... 

Тар шалбар кимеңіз: іс-қимылды қиындатып, қажетсіз сәтте жыртылып кетуі мүмкін. Ұзын етек киім үшін күртеше қолайлы. Ілгек түймеден артық. Егер сіз ұзаққа созылар ашық төбелесті жоспарласаңыз, онда: қол сағатты шешіңіз де, тығып қойыңыз; қалтадан еш нәрсенің жоғалып қалмауын қадағалаңыз; сізді қылқындырмауы үшін галстукті шешіңіз; күртеше мен жейденің алдын ашыңыз - ілгектерін жыртып алмауы үшін. 

Қысқа шаш үлгісімен жүріңіз - шашыңыздан ұстап алмауы үшін. Сақина, алқа тақпаңыз: төбелес сәтінде іліне қалса, өзіңізге үлкен жарақат келтіруі мүмкін. Тырнақты алып жүріңіз. Тырнақты сындырып алу қатты ауыртады. "Табаныңды жалтырат!" деп салмақты сөз айтуға үйреніңіз. Оған қырылдаған дауыс керек. Актерлер секілді дауыс қойыңыз. Бұлшық еттің орнын басуы әбден мүмкін. 

Ұрымтал тұста, ең алдымен, салқынқандылықты сақтаған дұрыс. Қарсыластан қорықпау керек, өйткені оның өзі де қорқып тұрады. Қарсыласқа салқынқандылығыңыз бен қарсыласуға дайындығыңызды көрсету қажет. Егер шабуылдаушы өзінен қорықпайтынын білсе, ертелі-кеш өзі қорқа бастайды. Адам ба, әлде ит пе, маңызды емес - бұл уақыттарда түйсік бірдей жұмыс істейді. Есіңізде болсын – алдыңызда  тұрған адам нашар төбелескіш (тілмен шағып тұрғанша, бірден шабуылдаушы еді), бірақ, жақсы психолог. Егер сіз қорқыныш көрсетсеңіз – жекпе-жектің жеңілісінен қашып құтыла алмайсыз. Жағдайды әңгімені доғарып, жекпе-жекті бастап қана дұрыстауға болады (мұндай сәтте өте ауыр тиеді). Ең керемет үлгісі – әңгімеге түсіп жатпай-ақ, мұрыннан бір періп қалу. 

Дайындаған: Фараби  Арыстанбек

Сурет: beltsymd.ru

Л. Лига