Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Езутартар / Блогшылар қауымы аңқау халық па?

Блогшылар қауымы аңқау халық па?

Блогшылар қауымы аңқау халық па?

1 сәуір Күлкі күніне орай, массагет қауымына күлкі сыйлап, қолданушыларымыз үшін қызықты адамдарды алдағымыз келді. Есімізге бірден блогшылар оралып, белсенді блогшыларды нысанамызға алдық.

Интернетті жастанып ұйықтайтын блогшылар қауымынан айланы асыру мүмкін емес деп ойлағанбыз. Әншейінде ақылдары арнасынан асатын блогшылардың бәрі алданып, тек біреуі ғана, жалғыз біреуі ғана күлкі күніне орай алдап тұрғанымызды біліп қалды. Сонымен барлық блогшыларға бір ғана сөйлем жібердік. "Сәлем! Сенің "Пәленше" атты жобаң жүлделі болыпты ғой! Құтты болсын!"

Бірінші "құрбанымыз" - Өркен. Ол кім? Өркен Кенжебек - блогшы, журналист. "Өркеннің өрнегі" блогы өз заманында сұмдық танымал болып, Өркеннің атын әйгілеген еді. Қазір Жақсы.кз жобасының жетекшісі.

 

-Сәлем, Өркен! Жақсы.кз жүлде алыпты ғой! Құтты болсын ал!
-Қайда? Қай жерде?
-Міне (өтірік сілтеме бердік)
-Ашпай тұр ғой. Менде ашылмайды!
-Қалайша? Ашылуы керек.
-Қандай жүлде?..
Ойымыз жүзеге асты. Өркен алданды!

Келесі нысанамыз -  Ербол. Қазтрк.кз сайтының бас редакторы, танымал блогшы-журналист Ербол Азанбек.

-Айтпақшы казтрк.кз-тің жүлдесі құтты болсын!
-Қандай жүлде? Мен білмейтін не жүлде ол? Қайдан ондай инфо?
-Бәрі шулап жатыр ғой. Мына жерде (өтірік сілтеме)
-Больничныйдамын 4 күн болды. Ештеңе де естімедім. Сілтеме ашылмай тұр! Қандай жүлде?
Хахахаха. Ербол да алданды!

 
Белсенді блогшы, "Центр Тяжестидің" қызметкері Жалғас Ертайдың алданғаны тіпті қызық болды.

-ЦТ "Жыл үздігі" атағын алыпты дей ма?

-Қандай жыл үздігі?

-Мына сайтты қарашы (сілтеме)

-Сайтты көрдім, бірақ, ол жақта ЦТ жоқ қой!

-Қалай жоқ?

-Таппай отырмын. Ссылкуфстудию!

Одан да қызығы Жалғастың оңбай алданғанын мойындамай, алданған жоқпын деуі болды.

Айкона - Айжан Құлмұхаметова.  "Ғаламарттың" менеджері, танымал блогшылардың бірі. 

-Айкона, Ғаламарт сайтының  "Жыл ашылымы" атағына ие болуы құтты болсын!

-Солай ма? Қашан? Сілтеме берші, көрмедім!

хехехехеехе )

Соңғы кезде көптің талқысына көп түсіп кеткен Айқаракөз.кз сайтының авторы Эльвираның жауабы одан да қызық болды.

-Айқаракөз "Жыл үздігі" болды дей ма?

Иә? Кім айтты? Қайда?

-Көрмедің бе, елдің бәрі шулап жатыр ғой

-Нені айтасың? Сілтеме берші.

-Мә. (өтірік сілтеме)

-Қайтадан берші сілтемені...

қы-қы-қы )

Интернет кеңістігінде "Қисық" деген атпен белгілі Дінмұхамед Зиядин. Өкініштісі айламыз Қисықтан аспай қалды.
-Киностан.кз-тің "Жыл ашылымы" атағына ие болуы құтты болсын!
-Қойшы қайдаааа? Өтірікші, 1 сәуір ғой )

Кей кезде аузыңнан шығып кеткен жәй сөздің кенеттен шындыққа айналып кететіні бар.

ҚазНет майталмандарының жобалары расымен де үздік атансын деген тілекпен: Massaget.kz

9474 32
Рейтинг: +5

Қосылған күні: 01 сәуір 2012, 15:41
Пікірлер
+0
01 сәуір 2012, 16:18

Құрметті, Массагет.кз! Жазбаға рахмет, бірақ, аты-жөнімді қатесіз жазыңыздаршы:) Дінмұхамед Зиядин.

+0
01 сәуір 2012, 16:23

түзедім, түзедім :)

+0
01 сәуір 2012, 17:10

Хе-Хе! Ішім сезгендей екен, Димаш алданбайды-ау деп ойлап отыр едім. :lol:

+0
01 сәуір 2012, 17:10

Хе-Хе! Ішім сезгендей екен, Димаш алданбайды-ау деп ойлап отыр едім. :lol:

+0
01 сәуір 2012, 17:18

Блогшылар да алданып қалыпты...... :lol:

+0
01 сәуір 2012, 17:52

Блогшылар адам емес пе не?))) Мейіргүл, коллажды өлтіріп жасап алыпсың ғой

+0
01 сәуір 2012, 19:04

Макс қой жасап берген :mrgreen:

+0
01 сәуір 2012, 18:01

:lol: :lol: :lol: жүлде деп... жанды жерден... :lol:

+0
01 сәуір 2012, 18:09

Басқаларын білмейм де, бірақ Эльвираның жүрегі лүп-лүп ете қалғаны анық. :P :P

+0
01 сәуір 2012, 22:48

ия, мен сеніп қалдым :lol:

+0
02 сәуір 2012, 00:08

:lol: :lol:

+0
04 сәуір 2012, 18:55

Оңдырмапты)))

+0
01 сәуір 2012, 18:21

Дінмұхамед былтыр алданып еді. Биыл ешкімге сенбес...

+0
01 сәуір 2012, 19:05

Солай ма? Былтыр алданып па еді? Бәсе деймін-ау :lol:

+0
02 сәуір 2012, 10:13

Былтыр қашан, қалай алдандым, аға? :shock:

+0
01 сәуір 2012, 19:20

Хе-хе, прикол :lol:

+0
01 сәуір 2012, 20:27

өтрк! сенбим!

+0
01 сәуір 2012, 20:30

Бәрі керемет болыпты, бастысы танымал блогшыларды алдаған өте қызық екен...

+0
01 сәуір 2012, 20:41

Мик, сенің тапқырлығың ғой... :)

+0
02 сәуір 2012, 05:18

Найманды алдаймын дедің ба? :lol: :lol:

+0
02 сәуір 2012, 07:01

:D :D :D :D

+0
02 сәуір 2012, 08:40

:lol: :lol: :lol: Мика сені ма? Керемет :)

+0
02 сәуір 2012, 09:07

Айжан сұлу қыз екен го :mrgreen: :mrgreen: :mrgreen:

+0
02 сәуір 2012, 09:10

:roll:

+0
02 сәуір 2012, 09:32

неге көзіңізді ақшитасыз? Мен жаман сөз айтып қойдым ба? :o :o :o

+0
02 сәуір 2012, 09:34

жымиған смайлик қой ол

+0
02 сәуір 2012, 09:35

ааа! :roll: :roll: :roll:

+0
02 сәуір 2012, 11:58

Мен де бір досымды алдап кеттім кеше))))

+0
02 сәуір 2012, 12:47

Не деп? :)

+0
26 сәуір 2012, 10:40

:D :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D :D ;) ;) ;)

+0
01 маусым 2012, 11:20

БАЛАЛАР КҮНІНЕ ӘНЕКТЕР ҚАЙДА?!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...