Әлемді абыржытқан бұйрықтар

Осыдан дәл 70 жыл бұрын Британ империясының премьер-министрі Уинстон Черчиль қазірге дейін бүкіл адамзат дауласып жүрген, қайталанбас бұйрыққа қол қойды. Оның ойынша әуекемелерін тасымалдайтын кемені мұздан жасау мүмкін екен. Кейбір адамдар бұл идеяның қиялдан ары аса алмайтынын айтады. Адамзат тарихындағы осындай ақылға қонымсыз бұйрықтарды санамалап көрсек деп едік.

Дөңгелек сауыт.

Ресей Империясының билігі. 1871 жыл

Бұл жоба да адамзат тарихындағы ең бір қызық бұйрық болып қалды. 1871 жылы Қара теңіз флотын күшейтіп, Париж келісім-шартын бұзбау үшін ресейлік билік адмирал Поповтың жобалауымен үлкен дөңгелек сауыт жасауды ойлайды. Дөңгелек кеме өте үлкен екі зеңбірекпен қаруланған.  

Фото: zapadrus.su

Оның калибры 305 мм болады екен. Қазірге дейін бұл зеңбіректердің бір уақытта атылуы айтылып келген. Оның біреуі атылған кезде кеме өз осімен айналатын болған деген де әңгіме болған. Теңіз бетінде дауыл тұрып, толқын ұрса кемені басқару мүмкін емес. Енді пошымына қарап, кеме жылдамдығы туралы керемет дей алмайсыз. Соңыра «Новгород» және «Вице-адмирал Попов» атты екі кеме ғана жасалыпты. Аталған екі ерекше кеме де 1877-1878 жылдардағы орыс-түрік соғысына қатыспады. Себебі олар түріктердің жаңа сауыт кемелеріне еш қарсылық көрсете алмаған еді...

Мұздан жасалған әуетасымалдаушы.

Британ империясының билігі. 1943 жыл

Мұндай идея елдегі дағдарыстан туған. Еуропада жалғасып жатқан соғыстарға өз әсерін көрсете алу үшін британ билігі мұздың көмегімен теңіз конвойларын жасамақ болды. Теміру өндіру ісі артта қалып тұрған ел өзінде бар шикізатты пайдаға асыруды жөн көріпті, яғни мұзды, мұзтауларды... Бірінші кезекте мұзтаулардың дөңін кесіп тастап, онда аэродромдар қою міндет болды. Сосын ағаш қиындыларын (опилка) мұз үстіне төсеуді ұйғарады. Сол кезде мұндай жасанды мұзтаулардың ешқашан да су астына кетпейтініне сенім болған еді. Олардың жасауы тиіс болған әуетасымалдаушысының салмағы 1,8 миллион тонна болуы тиіс еді, ал сол кезде америкалықтардың мақтанып жүрген әуетасымалдаушысы «Нимиц» 100 тоннаға әрең жететін.

Десек те, 1943 жылы Канада маңында соғылған бір әуетасымалдаушысы алғашқы әрі соңғысы болды. Бұл бұйрықтың жасалғанын жасыру мақсатында Черчилль оны да су астына қолдап батыруды жөн санады. Ал оның қалдықтары енді ғана табылып жатыр екен. Айтпақшы, сәл кейінірек Нормандия британдары кемені бетоннан жасап, «Оверлорд» операциясын жасады, кейіндеу Франция жағалауына сол тас кемемен шабуыл жасады, басқа да қызықты шабуылдар енді ғана жаңалық болып ашылып жатыр.

Ұлы «торғай» соғысы.

Қытай билігі. 1958 жыл

Фото: www.terra-z.ru

  Бұл соғыс әрі қайғылы, әрі күлкілі. 1958 жылы Қытай билігі торғайларға қарсы жаппай соғыс ашты. Дәл осы құстар ауыл шаруашылығына зиян, яғни күрішті бүлдіреді деген пікір болыпты. Ресми түрде бұйрық жасалған соң адамның барлығы да торғаймен тайталаса бастайды.

Ал келесі жылы Қытайда торғай тіпті де кездеспейтін болды. Қайғылысы да сонда, қытайлықтар торғайдың тек тары мен күрішті емес, ондағы шегіртке мен шыбын-шіркейді қорек ететінін ескермеген – "қой дейтін құс" болмағасын, олар қайтсін, қытайлықтардың егінін талқандай бастайды. Қытай билігі де, ғалым-оқымыстыралы да бұл туралы ойламаған болып шыққан. Ол аз десеңіз, бұдан кейін елде дағдарыс болып, мыңдаған қытайлық аштан өліпті. Кейін торғайды Қытайға өзге елдерден қолдап әкелетін болыпты...

«Әр үйде темір қыздырыңдар!».

Қытай билігі. 1958 жыл

Аспан асты елі дамуға деген талпынысын тым жоғарылатып алған ба дерсіз, олар темір өндіру үшін үлкен-үлкен зауыт соғудың орнына әрбір үй темір өндіріп, билікке өткізсін деген бұйрық шығарады. Жүз мыңдаған адам еңбек етіп, әр-әр жерде жартылай дайын темір шығып болған соң ғана  

қытайлықтардың көзі ашылады. Ашылғанда, жалпы арнайы қондырғы пешсіз темір өнбейтіні анықталады... Нәтижесінде темір шығатын кеніштерді бұзу және ел экономикасын 2 миллиард юаньға кедейлету...

Қала мен ақшадан бас тарту.

Камбоджа билігі. 1945 жыл

1975 жылы Камбоджада катастрофа болды. Бұл елдегі азамат соғысы бітіп, билікке экстремистік бағыттағы биліктің келуінен болған.

Фото: www.bbc.co.uk

  Буржуаздық ой-елекпен қала режимі халыққа дұрыс әсер етпейді дегендіктен Пол Поттың басқаруымен билік барлық қалалықтар ауылға көшсін деген заң қабылдайды. Сауда-саттық пен ақша болмасын дейді. Мұғалім, инженер, ғалым, жазушылар мен суретшілер зиялы топ болған соң

ауылда өмір сүре алмайтынын білді. Бұдан кейін елде жағдай күрт нашарлап, экономика құлдырауға кетті, адамдар арасында ауру-сырқау, өлім пайда болды.

100 триллион долларлық банкнот.

Зимбабве билігі. 2008 жыл

Африканың дамымай қалған елдерінің бірінде ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде жұмыс жасайды, бағалы металл өндіреді, сөйтсе де экономикасы өте төмен. Дағдарыс еуропалық переселендердің өз елдеріне көшіп кету кезінде мемлекетке емес, жеке адамдарға сатуынан болған екен. Нәтижесінде инфляция адам ойламаған мөлшерге жеткен.

  Жоғарылап бара жатқан бағаны түсіру үшін Зимбабве билігі 100 триллион зимбабвелік доллар шығарған (оның құны шамамен 45 мың теңге). Бірақ бұл қадам да жақсы нәтиже бере қоймады. Мәселен, сыраның бір шөлмегі 2008 жылы 100 миллиард зимбабвелік долларды құраған.

Ал бір сағаттан кейін әлгі тауар 150 миллардқа өскен. Содан, 2009 жылы Зимбабве валютасы айналымнан шығып қалды. 2013 жылы елдің қаржы министрлігі халықтың бір айлық жалақысын берген соң мемлекеттік бюджетте 217 ғана АҚШ доллары қалғанын мәлімдепті.

Ашхабад шөлінде жаппай  ағаш егу.

Түркменстан билігі. 2013 жыл

Бұл елдің билігі 2013 жылы үш миллион түп ағаш шөлді алқапқа егілсін деген бұйрық жасаған. Түркменстан осы жолмен гүлденеді деп жоспарланған. Мұндай қадамға бару бассыздық па, әлде шын мәнінде де гүлдену науқаны ма – оны уақыт көрсете жатар. Бір ғана сұрақ туындайды, егістікке кім су құяды екен?  

Фото: turkmenistan.karakum.net

Түркменстан климатында жаңбыр сирек құбылыс екенін ескерсек мәселе қиындай түскелі тұр...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: nnov.kp.ru