Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Езутартар / Былжыраған бес болжам...

Былжыраған бес болжам...

Былжыраған бес болжам...

1783 жылы Франция ғылым академиясы бірінші кеме жасау жобасын тиімсіз жол деп орта жолдан тоқтатып тастаған. Дәл осылай бұл ел су транспортын жасайтын мемлекет атағын АҚШ-қа беріп қойды.

Париж академиясы шайналған асты жұта алмаған жалғыз академия емес, осы тұрғыда Massaget.kz әлем тарихындағы орындалмай қалған болжамдар туралы тағы да бір еске алмақ...

Turbina – әлемдегі бірінші кемелердің бірі

Ең қызығы франциялықтар өз кезінде жасауға «ерінген» кемені 1807 жылы американдық Роберт Фултон жасап алып, оны да аяқсыз қалдырған көрінеді. «Мүмкін емес нәрсе жоқ!» деген ұран айтқан Наполеон да бұл өнертабысты көріп «Сіздер кеме астында от жағып алып, оны тағы желдің күшімен жүргізбексіздер ме?! Кешіріңіздер, мен мұндай мисыздыққа уақытым жоқ» деген екен.

Бонапартты қойшы, фантаст жазушы Герберт Уэллс болса («Әлемдер соғысы», «Көрінбейтін адам» романдарының авторы) 1901 жылы су асты кемелерін әскери адамдарды қинап өлтіру құралы деп баға берген!

«Телевидениенің тағдыры терең емес!»

Триодтың не екенін әлемге таныстырған әрі радиохабар таратуды алғаш жасағандардың бірі сот алдында алаяқ деген айыппен шақырылады. Оны жазғырушы прокурор «Ол адам даусын кезі келгенде Атлант мұхитынан ары асыруға болады деген соң адамдар оның компаниясына тиесілі акцияның барлығын да сатып алған Ал бұл еріккеннің ермегі емей немене?!» деп жала жапқан. Бұл жаладан әрең дегенде құтылған Форесттің өзі скептик болыпты-мыс. Радионы жасап шыққан ол 1926 жылы «Телевидениенің болашағы жоқ» деп ұрандапты. «Теория мен техника жағынан ойға қонымды болса да, оның қаржы мәселесі шешілмейді, оны ешкім сатып алмайды!» дейді ғой сабазың...

Ал 20th Century Fox кинокомпаниясының продюсері Дерил Занак 1946 жылы «Теледидардың тағдыры белгілі ғой, адамдар ағаш жәшікке қарап отыра бергеннен басқа іс таппайды дейсіңдер ме?!» деп сөккен екен. Бірақ бұл кісінің сөзі бір жағынан рас болғанға ұқсайды, адамдар ағаш жәшіктен жалықты да пластиктен жасалған жәшікке телміруді бастады...

«Пойыз өнертабыстың ең сәтсіз түрі!»

1864 жылы Вильгельм І кайзер темір жол транспортының тағдырын болжамақ болып, былай деген: «Берлиннен Потсдамға дейін бір сағатта жету үшін ақша төлеудің не керегі бар? Оны жылқымен-ақ бір күн жүріп ешкімге ақша бермей бағындыруға болады ғой!» - депті. Оның қоластындағылар да бл сөзге иланды ма, әлде қорықты ма, әйтеуір осы ойға бекіпті. Ал британдық ғалымдарға не жорық?! Ирландық профессор Дионисий Ларднер үлкен жылдамдықпен (24 шақырым.с.) келе жатқан жолаушылар ауа жетпей өліп кетеді деген пікір айтыпты.

Автоөндіріс туралы болжамдар көп айтылған жоқ, бірақ өндірістің алғашқы қадамдарында ол туралы «Бұл сән ғана, ал жылқы әрқашан да транспорт болып қала бермек», «Автокөліктер велосипед секілді қолданысқа ие болып кетуі қиын» деген секілді қауесеттер тарап үлгерген. Ең бір таңғалатын тұсымыз – Генри Форд ІІ «Фольксваген Жук» көлігін шығару пайдасыз деп ойлағаны. Ол бұл модельді көрген сайын мазақтап күле береді екен. Саналы адам, оның ойынша, мұндай қияли аппаратқа өлсе де отырмайды екен. Тарих болса өз ісін жасады: «жуктың» 65 жылдық ғұмырында әлем бойынша 21,5 миллион данасы сатылып кетіпті.

«Телефонға да сенім жоқ!»

Телефон көп уақыт бойы болашағы күңгірт өнертабыстар қатарында болып келді. 1878 жылы Western Union танымал компаниясы аппарат жайлы былай деген: «Телефон аталып жүрген аппараттың мініне сан жетпейді, сондықтан да оны байланыс жасаудың тиімді құралы деуге келмейді. Біздің фирма оның көмегінсіз-ақ құлпыра түспек». Ал компьютер туралы ой әрқандай болды. Біз бұған дейін Билл Гейтстің «640 килобайт бәріне де жетеді» деп айтқанын жазып кеткен болатынбыз. Ал 2007 жылдың өзінде Стив Балмер iPhone смартфоны қалың жұртшылықтың назарын өзіне аудара алмайды деп көкіпті.

Коко Шанель «миниге» сенбеген

Ғылым мен техника саласында ғана емес, сонымен қатар сән саласында да айқұш-ұйқыш пікірлер қаптап жүр. Әйелдердің көңіл-күйі мен қандай да бір киімнің өлу-өлмейтінін дәл болжайтындардың қатарына тарихшылар мен дизайнерлердің өздері де кіріпті. Мәселен, Коко Шанель қысқа киімдер жай ғана әзіл ретінде шыққан және оны бір қыстан соң бәрі де ұмытып кетеді деген ойды қолдапты. Ал франциялық сәнқой Клод Монтана подиумға тұңғыш рет милитари стилін енгізу алдында достары мен әріптестерінен бұл әрекетін тоқтату туралы ұсыныс көптеп түскенін айтқан. 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: wday.ru

4753 5
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 18 шілде 2013, 12:51
Пікірлер
+0
18 шілде 2013, 12:59

Хехе)қызық деректер жиналыпты

+0
18 шілде 2013, 13:01

LOL дейсің ғо :lol:

+0
18 шілде 2013, 17:31

:lol: бәрі де әлі үлкен сұраныста жүр

+0
17 қазан 2013, 01:18

Ауа жетпей өледі дегенді қатырыпты! :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...