Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Езутартар / Марк Твеннің бір жолғы әзілдері

Марк Твеннің бір жолғы әзілдері

Марк Твеннің бір жолғы әзілдері

Жазушы әлемінің қағытпалары ешкім бей-жай қалдырмасы анық. Өткір әрі тапқырлыққа негізделген әзілдер Марк Твеннің де бойында болған көп қасиеттердің бірі. Марк Твеннің бір жолғы әзілдері назарларыңызда.

* * *

Сүйкімді, жап-жас бір ханым Марк Твеннен сұрап жатыр дейді:

-  Барлық адамдардың маймылдан жаратылғаны рас па өзі?

-  Иә.

-  Бәрі, бәрі, тіпті, мен де ме?

-  Иә, бірақ сіз кішкене сүйкімді түрінен жаралғансыз.

* * * 

Бір банкир Марк Твеннен сұраған көрінеді:

-  Қалай түсінуге болар, Сізде ми деген көп және ақша деген сондай аз?!

-  Көріп тұрғандай ғой, табиғат тепе-теңдік сақтағанды жақсы көреді. Орта есеппен алғанда, біздегі Сіздікімен бірдей дегендей.

 * * *

Марк Твенді бай үйі қонақасыға шақырыпты. Және қонақтар дастарханға отырмас бұрын, мазасыз һәм көңілсіз опера тыңдапты. Сол тұста үй ханымының жазушыға артық ықыласы ауып, өз кезегінде қаламгер жанды опера тыңдап отырған сәтте мазасын ала береді.

Содан не керек, үй ханымы (отанасы) әйгілі қаламгерді ендігі болатын қонағасына тағы да шақырады.

- Сіз «Тосканы « (ән аты) еститін боласыз, – дейді бай әйелі.

Жазушы болса:

-  Шәбесіз келемін, - еріксіз күліп, - Бұл операда мен Сізді әлі тыңдап көргем жоқ, - депті. 

 * * *

Марк Твенге бір жолы бейәдеп сөз жазылған хат келеді. Хатта «шошқа» деп жазылған екен...

Ертесі күні газетке жазушы дәл осы хат төңірегінде өз ой-пікірін білдіріп жатыр дейді: «Маған аты-жөні жоқ хаттар жиі келіп жататын еді, бірақ, бұл жолы аты жазылған хат алып отырмын».

* * * 

Марк Твен бір ханымды қошеметтеп жатыр дейді: «Сіз сондай тартымдысыз!»

Алайда әлгі ханым жазушының шығармаларын сүйіп оқитын оқырмандар санатына жатпаса керек. Сонымен қатар, мінезінде қарапайым тұрмыстың этикасы дұрыс сақтала бермегенге ұқсайды.

-  Өкінішке орай, Мен сіз туралы дәл солай айта алмаймын, - деп жауап береді бикеш.

Бірақ, Марк Твен жайдан-жай қапы қалатындардың қатарынан болмаса керек, іле еш қысылмастан жауап беріп тұра беріпті:

-  Ал Сіз дәл мен сияқты жасаңыз: өтірік айта салыңыз!

Сурет:nnm.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

3646 4
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 17 мамыр 2013, 17:11
Пікірлер
+0
17 мамыр 2013, 21:32

:lol: :lol:

+0
18 мамыр 2013, 14:28

Бір бай Мәкеңнен (Марк Твен): - Осы менің қай көзім жасанды? - деп сұрапты.
Сонда Мәкең ойланбастан: "Оң көзің" деген ғой. Ана бай таңқалып: "Алда құдай-ай, қалай біліп қойдың?" демей ме!!! сөйтсе Мәкең "Себебі оң көзің солына қарағанда мейірімді екен" деп қарап тұр дейді. :D

+0
18 мамыр 2013, 15:43

- Ал Сіз дәл мен сияқты жасаңыз: өтірік айта салыңыз! :lol:

+0
19 мамыр 2013, 06:56

:lol: әзілкеш және дөп түсіріп айтады екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...