Кітапсыз кітапхана

Кітапсыз кітапхана

Осы жылдың күзінде Сан-Антонио қаласында кітапсыз кітапхана ашылайын деп отыр. "BiblioTech" деп аталатын орталық баспаны ауыстырған әлемдегі тұңғыш электронды кітапхана болмақ.

Мұндай кітапхана ашу идеясы жергілікті сот қызметінде істейтін Нельсон Вулф есімді азаматтың ойына келген. Оны мұндай ойға итермелеген «Эппл» корпорациясының негізін қалаушы Стив Джобс көрінеді. Биографиясын оқыған бетте тың оймен қуаттанып шыға келген.

Нельсон Вулф үлкен кітапқұмарлардың қатарынан. Тіпті, қазірдің өзінде үйінде алғашқы таралыммен шыққан мыңдаған кітап бар болып шықты. Кітапты сүйетіні соншалықты, енді заманның ыңғайына орай жетілдіру керек деп түсіндіреді...

Аталған жоба  - миллиондаған адамды кітап оқуға тартатын ең тиімді тәсіл деп санайды.

Алғашында кітаптың электронды нұсқасын оқуға рұқсат ететін 100 технология қойылмақ. Аталған электронды кітаптар оқу залында ғана пайдалануға рұқсат етіліп қоймай, мерзімді уақытқа үйге алып кетуге де берілмек.

Және "BiblioTech" кітапханасы таңдаулы кітаптарды басып алуға рұқсат етпек.

Бастапқыда кітапхана қорында 10 000-ға жуық кітап болмақ. Ал одан кейін кітап қоры көбейе беретіні бәрімізге мәлім.

Сурет:ru.euronews.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига