Ақтөбе тұрғыны балағат сөздер айтқан әйелін сотқа беріп, 2 миллион теңге сұраған

Ақтөбе тұрғыны балағат сөздер айтқан әйелін сотқа беріп, 2 миллион теңге сұраған

Ақтөбе тұрғыны балағат сөздер айтқан әйелін сотқа беріп, 2 миллион теңге сұраған, - деп хабарлайды diapazon.kz.

Басылым мәліметінше, Хромтаудағы полиция департаментіне жергілікті тұрғын бұрынғы әйелін "Қорлау" бабы бойынша жауапқа тартуды талап еткен. Ол бұрынғы әйелі Telegram арқылы ар-намысы мен қадір-қасиетін түсіретін балағат сөздермен хабарлама жібергенін айтқан. Осы үшін моральдық шығын ретінде 2 миллион теңге сұраған. 

Сотта айыпталушы бұрынғы күйеуінің анасы оған өшпенділік танытқанын мойындады. Нәтижесінде сот әйелді қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 61 260 теңге айыппұл салды. Сондай-ақ, ол моральдық шығынды өтеу ретінде бұрынғы 32 000 теңгені және осы іс бойынша адвокат қызметіне жұмсаған 150 000 теңгені төлеуі керек.

Г. Досымшалова