А.И. Куприн: Онлайн-көрме

А.И. Куприн: Онлайн-көрме

2020 жылдың 1 қарашасынан 31 желтоқсанына дейін орыс жазушысы, "Олеся", "Молох" повестерінің, "Ақ қанден", "Суламифь", "Анар білезігі" әңгімелері және басқа да көптеген танымал шығармалардың авторы Александр Иванович Куприннің (1870-1938) өмірі мен шығармашылық жолын ашатын жаңа онлайн-көрме (А. И. Куприннің туғанына 150 жыл толуына байланысты) жұмыс істейді.

Көрмеге ұлы жазушының ерекше талантын, оның шығармашылық эволюциясының күрделі жолдарын дәлелдейтін, соның ішінде XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басындағы фотосуреттерін, шығармаларының өмірлік басылымдарын көрсететін мұрағаттар қойылған.

Көрме К.Г. Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технологиялар және басқару университеті мен Ресей Федерациясының Білім министрлігінің қолдауымен  әзірленді. Көрме мұрағаттарымен https://www.kuprin-vystavka.kz/ сайтында тегін танысуға болады.

Н. Үсенова