Абай Құнанбайұлының туған күніне орай маңызды іс-шара өтеді

Абай Құнанбайұлының туған күніне орай маңызды іс-шара өтеді
Фото: Жазушылар Одағы

2020 жылы ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының туғанына – 175 жыл.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында қаулы етіп, жарлыққа қой қолғаны баршамызға мәлім.

Ұлы ақынның мерейтойы қарсаңында ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы бастаған өлең оқу эстафетасы жалпыхалықтан қолдау тапты.

Аталмыш эстафета Абай Құнанбайұлының туған күніне орай 10 тамыз күні Республика сарайы алаңындағы ақынның ескерткіші жанында мазмұнды әдеби іс-шараға ұласпақ. Алматы қаласының әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы "Абай" қорымен бірлесе отырып ұйымдастырған шараға елімізге белгілі ақындар қатысады.

Күні: 10 тамыз
Басталуы: 11.00 де.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Республика сарайы алаңы

Т. Раушанұлы