Жас ақын Әлімжан Әлішердің жаңа жыр жинағының тұсаукесері өтеді

Жас ақын Әлімжан Әлішердің жаңа жыр жинағының тұсаукесері өтеді
Фото: Әлімжан Әлішер

Жас ақын Әлімжан Әлішердің "Мені құшақта" атты тұңғыш жыр жинағы оқырманға жол тартты. 29 маусым күні сағат 16:00-де Ұлттық академялық кітапханада туындының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен өтетін кешке танымал ақындар мен өнер жұлдыздары қатысады. Ақынның жаңа жырлары оқылып, ән шырқалады, күй шертіледі.

Әлімжан Әлішердің тырнақ алды туындысы жақында ғана "Tengri" баспасынан 1000 данамен жарық көрген болатын. Кітаптың алғы сөзін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты, танымал ақын Ерлан Жүніс жазды.

Айта кетсек, Әлішер Әлімжан 1994 жылы 10 қаңтарда ОҚО, Бәйдібек ауданы, Жиенқұм ауылында дүниеге келген. Халықаралық, республикалық жыр мүшәйраларының бірнеше дүркін жеңімпазы. М.Мақатаев атындағы фестивальдің лауреаты. С.Ерубаев, С.Қожанов атындағы сыйлықтардың және 2014 жылдың үздік ақыны номинациясының иегері.

Т. Раушанұлы