Қазақтың маңдайына біткен дара жазушы Дулат Исабековтің жеке сайты ашылды

Қазақтың маңдайына біткен дара жазушы Дулат Исабековтің жеке сайты ашылды
Фото: vk.com

Қазақтың маңдайына біркен дара жазушы Дулат Исабековтің жеке сайты ашылды. Әдебиет сүйер қауымның қуанышына орай, isabekov.live сайтында қаламгердің роман, повесть, әңгімелері, эссе-мақалалары мен пьесалары, сондай-ақ, рецензиялары да жарияланады.

Жазушы ретінде есімі Ұлыбритания ұлттық кітапханасының мәңгілік қорына еніп, драматург ретінде пьесасы Шекспирдің Отанында қойылған шебердің сайты ағылшын тілінде (қосымша орыс тілі де бар) де сөйлейді.

Видео интервьюлер топтастырылған айдарда жастардың сүйікті сайтына айналған Massaget.kz порталының АЙНА жобасына берген әдемі сұхбаты жарияланған екен. Егер Дулат Исабековке арналған шығарылымдарын тамашалап үлгермеген болсаңыз, бірінші және екінші сілтемеге өтіңіз.

Ал, классиктің сайтынан рухани байып, әдебиетке деген шөліңізді қандырыңыз.

А. Оралқызы