"Ұлт болмысы" әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды

"Ұлт болмысы" әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Фото: google.com

Республикалық патриоттық, әдеби-танымдық «Ұлт болмысы» журналы мен Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы және «Әдебиет порталы» интернет-жобасы бірлесе отырып ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» жалпыұлттық жобасы аясында «Алашорданың» құрылғанына 100 жыл толуына орай поэзия, проза, журналистика және драматургия салалары  бойынша дәстүрлі «Ұлт болмысы» әдеби сыйлығы» байқауын жариялаған болатын. Көптен күткен байқау өз мәресіне жетіп бүгін жеңімпаздар анықталды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша, жазушы Талғат Кеңесбаевтың «Түнде ұшқан қаршыға» атты шығармасы үздік деп танылып, Бас жүлдеге ие болды. Жеңімпаз автокөлік иегері атанды.

Проза 
1-орын: Қанат Әбілқайыр. «Бабай-бүркіт» әңгімесі үшін. (500 мың теңге)
2-орын: Марат Әзімхан 
3-орын: Ғалым Қалибекұлы 
Ынталандыру сыйлығы: Бекен Ыбырайым
Әлихан Бөкейхан атындағы сыйлық: Ерболат Баятұлы.

Поэзия
1-орын: Г. Калидина. «Ғасыр тілегі» толғауы үшін
2-орын: Ақсұңқар Ақынбаба
3-орын: Дәулетберді Жекейұлы
Ынталандыру сыйлығы: Таңсәуле Әгенқызы, Мәрлен Мәлікұлы
Н.Назарбаев атындағы арнай жүлде: Ақсүйрік Жүсіпқызы.
М.Дулатұлы атындағы арнайы жүлде: Қарлығаш Қабдай

Драматургия

1-орын: Талғат Кеңесбаев
2-орын: Думан Рамазан
3-орын: Ақылбек Шаяхмет
Ынталандыру сыйлығы: Тұрсынәлі Рыскелдиев
Қошке Кеменгерұлы атындағы арнайы жүлде Төрехан Майбас

Журналистика
2-орын Заңғар Кәрімхан 
3-орын Марфуға Шапиян
Ынталандыру сыйлығы Алтынбек Құлмырзақ, Бауыржан Сегізбаев, Айдын Рысбекұлы
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы арнайы жүлде: Қанат Жанашұлы

Жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтаймыз!

Т. Раушанұлы