Әйелдің әңгіме етері - "Әйелдің" тұсаукесері

Әйелдің әңгіме етері - "Әйелдің" тұсаукесері
Фото: massaget.kz

Нәзік жанды қауымның әлеміндегі әдемілікті зерттеп, жауабы жоққа баланатын әйелдер қауымының тұла бойындағы еркек кіндіктіге түсініксіз кей жұмбақты зерделей жүретін Ләйлә ханымның "Әйел" атты кітабының жақында жарық көргенін жақсы білесіз. Бұл жайлы сайт беттеріне жазып та, байқаған адам болса, байқау жариялап та үлгердік.

Ләйлә Сұлтанқызының "Менің екінші кітабым" атты тұңғыш туындысынан кейін жарыққа шыққан бұл екінші кітап "Әйел" деп аталды. Жасы қырықты шамалаған қырық жанды қауым өкілінің кітабы бүгінде әр әйелдің қолында жүр. "Сыртқы әрленімі әдемі" деп іштегі оқиғаны оқуға асыққан аналардың қарасы тұсаукесер рәсімінде де қалың болды. Осы бір кеште өрбіген әңгімелер мен оқиғаларды бейнемен көрсетуді ұйғардық.

А. Қажиев