«Рух» халықаралық әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды

«Рух» халықаралық әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды
Фото: facebook.com

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен І «Рух» халықаралық әдеби байқауы өз мәресіне жетті. Барлық шығармалар «Әдебиет порталында» онлайн түрде жарияланып отырды.

Бір айға жуық уақытта мыңға жуық шығармалар келіп түскен. Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында өтті.

Сонымен, жарыс қорытындысы мынадай: 

Проза: роман, повесть аталымында: 

1-орын – Ырысбек Дәбейұлы, Алматы қ.
Гран-при – Тынымбай Нұрмағамбетов, Алматы қ.

Проза: әңгіме, эссе аталымында: 

1-орын – Ұларбек Нұрғалым, Астана қ.
Гран-при – Несіпбек Дәутайұлы, Жамбыл обл.

Поэзия: поэма аталымында:

1-орын – Несіпбек Айтұлы, Астана қ.
Гран-при – Бақыт Беделхан, Алматы қ.

Поэзия: өлеңдер жинағы аталымында:

1-орын – Рауза Хузахметова, РФ, Татарстан респ.
Гран-при – Ықылас Ожайұлы, Астана қ.

Үздік драматургия аталымында:

1-орын – Ардақ Нұрғазы, Алматы қ.
Гран-при – Серік Асылбекұлы, Алматы қ.

Әдеби сын аталымында:

1-орын – Бекзат Смадияр, Алматы қ.
Гран-при – Амангелді Кеңшілікұлы, Астана қ.

Балаларға арналған поэзия аталымында:

1-орын – Құл-Керім Елемес, Алматы қ.
Гран-при – Серікбол Хасан, Алматы қ.

Балалар прозасы аталымында: 

1-орын – Лиля Калаус, Алматы қ.
Гран-при – Айсұлу Алмаш, Астана қ.

Айта кетейік, бұл байқау ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелерді жүзеге асыруға атсалысу, қазақ әдебиетін әлемдік деңгейде насихаттау, қазақстандық және шетелдік қаламгерлер арасында өзара байланыс орнату, ұлттық сананы жаңғыртудағы әдебиеттің рөлін арттыру, жас ұрпақтың бойында төл әдебиетімізге деген қызығушылықты күшейту, ақын-жазушылардың қоғамдағы беделін арттырып, ұлттық сананы жаңғыртудағы қаламгерлердің рөлін нығайтуды көздейді. 

Ж. Жұмағұлов