Министрлік бұрын жарық көрмеген әдеби шығармаларға іріктеу жүргізеді

Министрлік бұрын жарық көрмеген әдеби шығармаларға іріктеу жүргізеді
Фото: flickr.com

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мақсатында бұрын басылып шығарылмаған әдебиетті іріктеу жүргізеді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Іріктеуге қатысу мақсатында автор (авторлар) немесе оның сенімхаты бойынша өкілі өзінің әдебиетін мәдениет саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

Іріктеу мына әдебиет түрлері бойынша жүргізіледі: 

– энциклопедиялық және анықтамалық, 
– көркем әдебиет,
– танымдық,
– қоғамдық-саяси,
– ғылыми-көпшілік,
– аударма әдебиет,
– балалар және жасөспірімдерге,
– мәдениет және өнер туралы, оның ішінде ноталық (ноталар шығарманың жалпы көлемінің 50% құрайды),
– мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған әдебиет.

Автор осы жылдың 15 тамыз-15 қыркүйек аралығында уәкілетті органға төмендегі нысанға сәйкес іріктеуге қатысу үшін өтінім жолдайды.

Өтінімге мына құжаттар қоса беріледі:

– автордың және (немесе) оның сенімхаты бойынша өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі,

– Times New Roman (Таймс Нью Роман) қаріп түрімен, 14 өлшеммен, «бірлік» жол аралығымен терілген қолжазбаның электрондық түрі және (немесе) фотоальбом, сурет-альбом және кітап-альбомдар PDF форматында.

Автор бір әдебиет түрі бойынша бір шығармадан артық ұсынбайды.

Ж. Жұмағұлов