Есенғали Раушановтың "Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ" атты кеші өтеді

Есенғали Раушановтың "Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ" атты кеші өтеді
Фото: massaget.kz

Астана қаласында 15-18 тамыз күндері "EXPO-2017" халықаралық көрмесі аясында Маңғыстау облысының мәдени күндері өтеді. Әдебиетсүйер қауым үшін жақсы жаңалық, осы мәдениет күндері аясында қазақтың классик ақыны Есенғали Раушановтың  "Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ" атты кеші болмақ. 

Осынау кештің ұйымдастырулы да тегін емес. Себебі, биыл ардақты ақынның 60 жылдық мерейтойы. Кешті белгілі ақын Светқали Нұржан жүргізіп, әдебиеттегі ақын інілері кеш иесінің жырларын жатқа оқып, келген қонақтардың көңілін бір серпілтпек. 

Ендеше, ардақты ақынның кешінен қапы қалмаңыздар!

Ж. Жұмағұлов