Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Жаңалық / «Елім деп өткен Ер Жалау!» атты Республикалық ақындар мүшәйрасы

«Елім деп өткен Ер Жалау!» атты Республикалық ақындар мүшәйрасы

«Елім деп өткен Ер Жалау!» атты Республикалық ақындар мүшәйрасы

"Ақ жол" Қазақстанның Демократиялық Партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы "Ақ жол-жастар" жастар қанаты Алаштың 100 жылдығы аясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жалау Мыңбайұлының туғанына 125 жыл толуына орай "Елім деп өткен Ер Жалау!" атты Республикалық ақындар мүшәйрасын жариялайды.

Байқаудың мақсаты: Бүгінгі Тәуелсіздікті арман еткен Алаш идеясын және Жалау Мыңбайұлының бейнесін дәріптеу, елі үшін өмір сүрген кемеңгер тұлғаның ерен істерін жырлау. Рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтарымызды ұлықтап, жастар арасында кеңінен насихаттау.

Байқаудың шарттары:

Қатысушылар берілген тақырып бойынша 2 туындысын ұсынады.

Байқауға ұсынылатын тақырыптық бағыттар:

1. Жалау Мыңбайұлына арналған жыр;
2. Тәуелсіз Қазақстан және Алаш идеясы.

Шығармалар 2017 жылдың 25 мамырына дейін қабылданады.

Байқауға кез келген ақын қатыса алады. Байқау жабық түрде өткізіледі.

Бас жүлде – 250 000 теңге.
Бірінші орын – 150 000 теңге.
Екінші орын – 100 000 теңгеден
Үшінші орын – 60 000 теңгеден.
Арнаулы сыйлықтар – 30 000 теңгеден.

Байқаудың талаптары:

• Өлең бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиіс;
• Шығармалар компьютерде 14 қаріпті (Microsoft Word – Times New Roman) әріптерімен теріліп, А4 пішімді 1-ші конвертке бүркеншік атымен жазылған 1 данасы және электронды нұсқасы жолданылуы керек. 2-ші кіші пішімді конвертке автордың шын аты-жөні, 6х9 фотосуреті, мекенжайы, телефондары, эл.поштасы жазылып, бекітіліп, ол 1-ші конвертке салынып жіберілуі керек.
• Өлеңнің соңына бүркеншік есім міндетті жазылуы тиіс.

Байқаудың қорытындысын шығару.

Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамына Республикаға белгілі ақындар кіреді. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және басқа мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасының жұмысына төраға басшылық жасайды, шешім шығарады және қазылар алқасының шығарған шешімі үшін жауапты. Хатшы қазылар алқасының шешімі бойынша хаттаманы рәсімдейді. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

Мүшәйра жүлдегерлері мен іріктелген жырлар жинақ болып шығады.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Мекенжайымыз: Ақтау қаласы, 29а шағын ауданы, "Нұрплаза" б/о, 14-кабинет, эл.пошта: akzholmangystau@mail.ru

Жауапты: Әлия Исаева Жангелдинқызы 
Ескерту: Жүлдегерлер Маңғыстау облысы, Ақтау қаласына келіп-кету жол қаржысы мен жатар орны шығынын өздері көтереді.

"Ақ жол" партиясы Маңғыстау
облыстық филиалы жанындағы
"Ақ жол-жастар" жастар қанаты

635 0
Рейтинг: +1

Фото: 7292info.kz
Қосылған күні: 21 сәуір, 11:34
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев