Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Жаңалық / Шыңғыс Айтматовтың баспа бетін көрмеген романы табылды

Шыңғыс Айтматовтың баспа бетін көрмеген романы табылды

Шыңғыс Айтматовтың баспа бетін көрмеген  романы табылды

Шыңғыс Айтматовтың бұған дейін жарық көрмей келген романы табылды, деп хабарлайды «Интерфакс – Ресей» агенттігі. Жазушының қызы Шырын Айтматова (Қырғызстан парламентінің депутаты) қолжазбаны әкесінің жазу бөлмесінен тауып алған.

«Жер мен сырнай» атты роман 40-шы жылдары Үлкен Шу каналының құрылысы кезінде Шу Буддасының үлкен ескерткішін тапқан адам жайында баяндайды. Айтматова романның жазылу уақытын нақтылап айтпаса да, белгілі бір себептерге байланысты өз кезінде басылып шығуы екіталай екендігін меңзеді. Шығарма түпнұсқасы әбден тозып, сарғаюына байланысты ол қайта басылған. Қазірде электронды түрде сақталып, орыс тілді оқырманға бір жылдың ішінде жол тартады. Ал бұдан кейінгі мәселе романның ағылшын тіліне аударылуы болмақ.

Романның қазақ оқырмандарына да қызықты әрі пайдалы болуын Үлкен Шу каналымен қатысы барынан-ақ білуге болады. Себебі 1940 жылы құрылысы бастау алған Батыс Шу каналы қазіргі Қазақстан аумағын қамтып, Шу алқабына дейін барып тірелгендігі мәлім. «Адамзаттың Айтматовы» атанған қаламгердің алғашқы «Жәмиласынан» бастап, «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Ғасыр­дан да ұзақ күн», «Жанпида» секілді даңқты шығармаларының образдары да, рухы да, мінезі де қазаққа етене жақын екенін ескерсек, «Жер мен сырнай» романы да біздің елде іздеп жүріп оқитын туынды боларына шүбә келтірмейміз.

сурет:baq.kz

Дайындаған: Ардақ Құлтай

692 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 25 қыркүйек 2012, 18:15
Пікірлер
+0
26 қыркүйек 2012, 01:49

"Жанпида" секілді болды ғой шамасы

+0
26 қыркүйек 2012, 01:55

қазақ тіліне кім аудрады екен... сол қызықтау боп тұр...

+0
26 қыркүйек 2012, 10:20

аударатын шығар, барлық шығармалары аударылған ғой.

+0
26 қыркүйек 2012, 10:22

Шерхан Мұртазадан артық кім аудара алар

+0
26 қыркүйек 2012, 11:39

Қызы өзінен аумайды екен.

+0
26 қыркүйек 2012, 13:08

негизи бир шыгармасын да окымаппын, т :oops:

+0
26 қыркүйек 2012, 15:53

Шер-аға аудармайтын шығар. Жастардан біреу аударса қалай болар екен деген ой бар...

+0
03 қазан 2012, 23:47

Шыңғысты Қазақ оқырмандарына жеткізуде Шерханнан өзге қаламгер табылмас.Шіркін Шер ағаның аудармасы кейде сол Шыңғыстың ана тілінен де көркем шығар деп ойлаймын.

+0
05 қазан 2012, 15:22

Қалтай да аз аудармады, Шер ағаң тіптен...Енді қай ағам?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...