«Күз туралы күзсіз сөйлемдер» байқауының жеңімпаздарына құлаққағыс!

«Күз туралы күзсіз сөйлемдер» байқауының жеңімпаздарына құлаққағыс!
Фото: massaget.kz

Құрметті оқырмандар! Жастардың сүйікті сайтына айналып үлгерген massaget.kz порталына биыл 5 жыл толып отыр. Осыдан біраз уақыт бұрын қаламды серік еткен оқушы және студент жастарға арнап "Күз туралы күзсіз сөйлемдер" атты эсселер байқауының өтетінін айтқан едік. Байқауымызға еліміздің түкпір-түкпірінен белсенді жастар қатысып, өзара бақ сынасты.

Бір айға жуық уақыт өткен жарыс барысында поштамызға айшықты тілмен, әдемі сөзбен, ерекше ойын көркем кестеленген үміткерлердің біраз шығармалары келіп түсті. Сайтымызға қазылар тарапынан үздік деп танылған шығармалар ғана жарияланды. Үздіктердің үздігі саналған ең талапты үміткерлер жүлдеге ілікті. 

Осы орайда жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сертификаттар мен сыйлықтар табысталатыны туралы хабарлаған болатынбыз. Өздеріңіздің сүйікті сайттарыңызға айналған massaget.kz сайтының 5 жылдық мерейтойына орайластырып байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауды жөн санадық.

Байқауымыздың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Массагеттің бес жылдық мерейтойына шақырамыз! Сыйлықтарыңыз сол жерде табысталады. Келе алмайтын үміткерлеріміз сыйлықтарын Алматы қаласы, Бұхар жырау көшесі, 27/5 мекенжайынан ала аласыздар. Бізбен бірге болып, байқауымызға қатысып, белсенділік танытқандарыңыз үшін рахмет! 

Естеріңізге сала кетейік, "Күз туралы күзсіз сөйлемдер" атты эсселер байқауының жеңімпаздары мына үміткерлеріміз: 

1 орын (біреу) – Анель Алтаева

2 орын (екеу) – Алпамыс Файзолла және Аяулым Шаймарданова

3 орын (үшеу) – Мереке Керімхан, Жандос ӘуесхановАйзат Жолдасова

Ынталандыру сыйлықтары: Ибраһим СегізбаевУрах АзизаАқтоты Борисқызы

Ж. Жұмағұлов