Әдебиет сыншыларына арналған байқау жарияланды

Әдебиет сыншыларына арналған байқау жарияланды
Фото: bookmate.com

«Полифония» әдебиет фестивалі мен Алматылық Ашық Әдеби Мектеп (ОЛША) Алматы қаласының Мәдениет Басқармасының қолдауымен «Отандасыңды оқы» жобасының шеңберінде сын пікір жазу байқауын жариялайды.

Байқау ережелері:

1. Кітаптарға қазақ, орыс тілдерінде жазылған сын пікірлер және рецензиялар қабылданады (көлемі: 300 – 1000 сөз).
2. Сын пікір қазақстандық автордың кітабына немесе шығармасына (көркем әдебиетке: проза, поэзия, драматургияға немесе деректі әдебиетке) жазылуы қажет.
3. Заманауи, яғни 1991 – 2016 жылдарында жазылған әдебиетке артықшылық беріледі. Bookmate электронды кітапханасындағы «Отандасыңды оқы» сөресінің кітаптарын мысал ретінде қарастыруға болады. Егер сіздер қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларына немесе Кеңес дәуіріндегі әдебиетке жаңаша көзқараспен жазуды қаласаңыздар, шектеу қойылмайды.

Жариялану ережелері:

1. Байқауға рецензияларды litfest.kz@gmail.com электронды поштасына 2016 жылдың 25 қарашасына дейін жолдауыңыз қажет. Ілеспе хатында рецензия авторының аты-жөні және телефон нөмірі, талданған кітаптың атауы мен авторы көрсетілген болу керек.
2. Сонымен қатар рецензияларды Facebook әлеуметтік желісінде жариялауға болады. Ол үшін «Полифония» фестивалі парақшасынан немесе Алматылық Ашық Әдеби Мектептің парақшасынан (ОЛША) байқау туралы хабарландыруға репост жасауларыңыз керек. Және осы репостқа комментарий ретінде сын пікіріңіздің немесе рецензияңыздың мәтінін қосуларыңыз керек. Рецензия басында немесе соңында #отандасыңдыоқы хэштегі болу керек. Хабарламаңызға барлығы қол жеткізе алатын " баптауымен жарияланған болу керек.

3. Электронды поштаға жіберілген рецензиялар да Facebook желісіндегі Полифония әдебиет фестивалінің парақшасында #отандасыңдыоқы хэштегімен жарияланады.

Бағалау және нәтижелер

1. Байқауға рецензиялар 2016 жылдың 25 қарашасына дейін қабылданады.
2. Байқау нәтижелері 2016 жылдың 2 желтоқсанында жарияланады.
3. Байқаудың ақтық сынына шыққандардың барлығы Bookmate (www.bookmate.com) электронды кітапханасына жылдық тегін жазылым ала алады және Алматыда 2016 жылдың желтоқсан айында өтетін әдеби сын семинарларына шақырылады (өкінішке орай, жобаның ұйымдастырушылары басқа қалаларда тұратын қатысушыларға жол шығындарын мен Алматыда жатын орындарға байланысты шығындарды төлей алмайды, бірақ өз қаражатымен келген қатысушыларды қызықты семинар және ұйымдастырушылардың қонақжайлылығы күтетін болады). Байқаудың екі бас жүлде иегеріне – Samsung планшеттері.

Қазылар алқасының құрамына қазақстандық, шетелдік әдебиет сыншылары кіреді.

* Рецензия – белгілі бір туынды, қойылым, фильм туралы айтылған пікір

Н. Айдархан