Қаламгерлер арасында «Ұлт болмысы» атты әдеби байқау жарияланды

Қаламгерлер арасында «Ұлт болмысы» атты әдеби байқау жарияланды
Фото: penzavzglyad.ru

Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРЛЕРІ» қауымдастығы мен республикалық патриоттық, әдеби-танымдық «Ұлт болмысы» журналының бірлесе отырып, «Ұлт болмысы» журналының 5 жылдығына орай, Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнайы «Тәуелсіздік – тұмарым, Мәңгілік ел – тұрағым !» атты поэзия және проза жанрлары бойынша қаламгерлер арасында байқау жариялады. «Әдебиет порталының» хабарлауынша, аталған байқауға 18 бен 45 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады.

Төменде байқауды ұйымдастырушылар тарапынан талаптарды беріп отырмыз:

Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Қалам  ұстап жүрген жастарға тәуелсіздіктің құндылығын арттырып, ел мен жердің тұтастығын, қазақ деген текті ұлттың болмысын кестелі жыр мен көрнекті шығармаға арқау ету. Ақындар мен жазушылар бар мүмкіндіктерін көрсетіп, қасиетті де киелі тәуелсіздік идеяларын жастардың бойына сіңіретін көркем туындылар жазу. Тәуелсіздікті мойындағы тұмардай көркем тілмен суреттеу басты талап болады.

- әдеби үрдісте дарынды жас ақындар мен жас жазушылардың жарқырап көрінуіне жол ашу. 

- жас ақындар мен жас жазушылардың қарым-қабілеттерін ашып, шабыттарына қанат бітіру.

 - руханияттың маңызды саласы әдебиеттің жас буын, жаңа есімдермен толығуына үлес қосу.

- жас таланттардың танылуына себепкер болу.

Тағайындалған сыйлықтар:

«Ұлт болмысы» әдеби сыйлығы (біреу) – бас жүлде 1000 000 теңге

Поэзия бойынша 

Бірінші орын - 500 000 теңге,

Екінші орын - 200 000 теңге

Үшінші орын - 100 000 (екеу) теңге 

Ынталандыру сыйлығы - 75000 (екеу) теңге 

Аxмет Байтұрсынов атындағы қордың арнайы жүлдесі (біреу) 50000 теңге 

Республикалық «Сауап» қоғамдық қорының арнайы жүлдесі (біреу) 100 000 теңге (бұл жүлде патриоттық тақырыпта руxты, өр өлең жазған ең жас үміткерге беріледі) 

Жасөспірімдерге арналған проза бойынша: 

Бірінші орын - 500 000 теңге

Екінші орын - 200 000 теңге 

Үшінші орын - 100 000 (екеу) теңге 

Ынталандыру сыйлығы - 75000 (екеу) теңге 

Аxмет Байтұрсынов атындағы қордың арнайы жүлдесі (біреу) 50 000 теңге

Қатысу шарттары: Мүшәйраға әр автордан топтама өлең немесе толғау, баллада, поэмалармен қатар балалар мен жасөспірімдерге арналған көркем прозалар (көлемі компьтерлік 15 беттен аспайтын хикаят, көлемі 8 беттен аспайтын әңгіме) қабылданады. 

Конкурсқа жолданатын шығармалар бұрын еш жерде жарияланбаған және ешқандай байқауларға қатыстырылмаған болуы керек.Байқауға келіп түскен үміткерлердің шығармаларын танымал ақын-жазушылардан құралған қазылар алқасы әділ сараптайтын болады. Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды. Сайысқа түсетін шығармаларға қойылатын талаптар:

* Мүшәйраға 18-45 жасқа дейінгі ақындар мен жазушылар қатыса алады; 

* Шығармалар 2016 жылдың 8 желтоқсанына дейін қабылданып, жеңімпаздарды марапаттау 12 желтоқсан күні Алматы қаласында өтеді. (өзгерістер болса қосымша хабарланады)

* Шығармалар тек компьютерге теріліп, электронды нұсқасы төменде көрсетілген мекен-жайда қабылданады;

* Шығарманың электронды нұсқасы бүркеншік атпен мына электронды пошталарға жіберілуі керек: gulzhanaramantai@mail.ru және eltutka@mail.ru

* Қатысушының аты-жөні; тұрғылықты мекен-жайы, телефон нөмірі, электронды адресі, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпаратты жеке конвертке салып, Алматы қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі 23, 407-кеңсеге, «Ұлт болмысы» журналына жіберілуі тиіс.

(Ұлт болмысы журналының индексі 74479)

 Байланыс телефондары: 8727 2 20 96-66, 87755655762, 87753028671 

* Сайысқа барлық шарттарға сай (техникалық, мазмұндық, т.б.) әзірленген шығармалар ғана қабылданады; 

* Тек қазақ тіліндегі шығармалар ғана қабылданады; 

* Барлық шығармалардың жазылған мерзімі көрсетілуі тиіс; Қосымша талаптар: 

* Шығарманы компьютерге Times New Roman қарпімен, 14-кегльмен теру керек.
Н. Айдархан