Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Жаңалық / Шабыт-2016. «Үздік әдеби шығарма» номинациясының ережесі

Шабыт-2016. «Үздік әдеби шығарма» номинациясының ережесі

Шабыт-2016. «Үздік әдеби шығарма» номинациясының ережесі

3-8 қараша аралығында Астана қаласында XIX «Шабыт» Халықаралық шығармашылық жастар фестивалі өтеді. Байқау бірнеше аталым бойынша оздырылады. Кеше ғана тапсырыс қабылдау мерзімі 20-шы қазанға дейін созылғанын хабарлаған едік. Ұйымдастыру алқасы қабылдау мерзімін тағы да 25-не дейін ұзартуды шешіпті. 

Биылғы «Үздік әдеби шығарма» номинациясы Поэзия жанры бойынша өтеді. Әдетте, бір жыл Проза, бір жыл Поэзия аталымы бойынша алма-кезек өтіп отырады. 

Поэзия жанрын бойынша сынға түсетін үміткерлер үшін фестиваль ережесін ұсынамыз.

Уақыты және өтетін орны:
Фестиваль 3-8 қараша күндері Астана қаласы  әкімдігінің «Орталықтандырылған  кітапханалар  жүйесі» КММ Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында (Бөгенбай даңғ, 52)  өтеді.

 Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. Байқауға қазақ және орыс тілдерінде жазылған немесе осы тілдерге аударылған өлеңдер, поэмалар қабылданады.
    1. Жарияланған немесе жарияланбаған шығармалар басып шығарылған түрінде  қабылданады.
  2. Байқауға 16 мен 32 жас аралығындағы кез-келген ұлт өкілі қатыса алады.
  3. Фестивальге іріктеу сайысының  жеңімпаздары ғана қатыса  алады және  өздерімен бірге  растайтын  құжаты болуы қажет.
  4. Байқау материалдары 2016 жылдың 20 қазанынан кеш ұсынылмауы тиіс.

6. Ұсынылатын шығармалардың көлемі:
- 300 жолдан аспайтын өлеңдер топтамасы;
- 700 жолдан аспайтын поэма;

7.  Қолжазбалар  қабылданбайды.

Астана қаласына белгіленген мерзімнен ерте келген байқау қатысушылары  әуе, темір жолы және өзге де көлік түрлерінің жүру кестесіне қарамастан, Ұйымдастыру комитеті белгілеген келу мерзіміне дейінгі жүріп-тұру шығындарын өздері көтереді. Келу және орналасу мерзімі 2016 жылғы  2-3 қараша.

 Өтініш беру шарттары:

  • Ұсынылған үлгіде баспа әріптерімен толтырылған өтініштер мен өзге де қажетті құжаттар Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама  басқармасының Ұйымдастыру комитетінде, сонымен қатар, фестивальдің shabyt.astana.kz ресми сайтында қабылданады.
  • Әр аталым бойынша пошта арқылы жіберілетін өтініш үлгісі фестивальдің ресми сайтында жарияланған.
  • Электронды өтінішті жібермес бұрын барлық қажетті жолдары толтырылғанына көз жеткізіңіз. Сондай-ақ, электронды өтінішті 2 және одан да көп рет жібермеуге кеңес береміз. Қажетті құжаттар тізімінде көрсетілген құжаттар қалыс қалған өтініш фестивальге қатысу үшін қабылданған болып саналмайды.

Төлқұжат немесе жеке басын куәландыратын өзге құжаттың көшірмесі;

Қысқаша өмірбаян;

Диплом көшірмесі немесе оқу орнынан берілген анықтама;

Соңғы 6 ай ішінде түсірілген екі фотосурет (4х5).

Өтініштер қаралымға 2016 жылғы 20 қазанға дейін тапсырылуы тиіс. Пошта арқылы жіберілген, Ұйымдастыру комитетіне 2016 жылғы 20 қазаннан кейін түскен өтініштер қаралмайды.

Байқаулық шығармалар.

Қазылар алқасы:

Қазылар алқасының құрамы әдебиет саласында белгілі және танымал қайраткерлерден тұрады. Қазылар алқасы сыйлықтардың бәрін тағайындауға міндетті емес. Қазылар алқасының  шешімі қайта қаралмайды.

Тіркелу:

Тіркеу рәсімі 2016 жылдың 2-3 қараша аралығында Орталықтандырылған кітапханалық жүйесінің кітапханасында өтеді.

Тамақтану, жатын орын, жол жүру:

Ұйымдастыру комитеті конкурсанттарды фестивальге қатысу уақытына тамақпен және жатын орынмен қамтамасыз етеді. Егер конкурсант байқаудан шығып қалса, ол жүріп-тұру шығындарын өзі көтереді. Жол жүру шығындарын конкурсанттар өздері көтереді.

Шетелдік қатысушылар төлқұжаттарын және визаларын Қазақстан елшілігінде өзі рәсімдейді.

 Сыйлықтар және марапаттар:

  • Гран-при – Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 300 000 теңге;
  • 1 орын – Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 250 000 теңге;
  • 2 орын – Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 200 000 теңге;
  • 3 орын – Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы 150 000 теңге.

Арнайы сыйлықтар:

Астана қаласының  Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы атынан арнайы сыйлық 75 000 теңге қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен беріледі.

«Үздік әдеби шығарма» аталымында – Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Кәкімбек Салықов атындағы атаулы сыйлық 75 000 теңге қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен беріледі.

Лауреат  атанбаған  ақтық  айналым қатысушылары қазылар алқасының шешімімен дипломдармен және «Халықаралық фестиваль дипломанты» атағымен марапатталады.

1
Рейтинг: +3

Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 21 қазан 2016, 16:31

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.