Жұмекен Нәжімеденовтің кітабы Қытай елінде жарық көрді

Жұмекен Нәжімеденовтің кітабы Қытай елінде жарық көрді
Фото: google.kz

Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.
Күн астында көк төбелер түледі —
Менің елім, менің елім — гүл елі!

Қытай Халық республикасында қазақтың маңдайына біткен «Жұлдыз ақыны» Жұмекен Нәжімеденовтің «Қоңыр дәптер» атты кітабы 3000 данамен жарық көрді. «Іле» баспасынан шыққан кітапқа ақынның өлеңдері топтастырылып берілді. Төте жазумен жарық көрген кітаптар бүгінде қытай дүкендерінің сөрелерінен орын тауып, тез таралуда.

Жұмекен осы құндылығымен күллі қазақтың ақыны екенін тағы да дәлелдеді десек болады. Кітапты баспаға дайындаған қазақтың қос бірдей азаматтары Адал Қалибекұлы және Мұрат Шаймаран.

М. Ақан