«Менің алғашқы кітабым» эссе байқауының жеңімпаздары анықталды

«Менің алғашқы кітабым» эссе байқауының жеңімпаздары анықталды
Фото: szh.kz

Мектеп оқушылары арасында «Әдебиет порталы» ұйымдастырған республикалық «Менің алғашқы кітабым» эссе байқауы өз мәресіне жетті. Байқауға Астана қаласының мектептерінен, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда және Ақтау қалаларынан 40 шығарма келіп түскен. 

Байқаудың басты мақсаты – мектеп оқушылары арасында шығармашылық қабілеті бар жастардың мүмкіндігін шыңдау, білімді, қабілетті жастардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру, шығармашыл жастарды оқырмандарға интернет арқылы таныту болатын. 
 
Байқауға республика аймағындағы 8-11 сынып аралығындағы мектеп оқушыларының шығармалары қатыстырылды. Байқауға ұсынылатын шығармалар екі тілде (қазақ, орыс тілдерінде) қабылданды. 
 
Байқау жеңімпаздарын  бағалау кезінде қазылар алқасы үміткерлердің «Менің алғашқы кітабым» тақырыбында ұсынылған шығарманың тіл тазалығына, тақырыптың мазмұндылығында, көркемдік танымынағы шығармашылық сауаттылығына баса назар аударылды.
 
«Менің алғашқы кітабым» республикалық эссе байқауында үздік деп танылған 10 эссе:
1. Әлия Іңкәрбек – Алматы облысы, Ө.Жаңабаев атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы 
2.  Дина Бөкебай – Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы № 25 мектебінің 9-сынып оқушысы
3. Адина Иманбаева – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы
4. Азамат Бақиев – Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,Көпжасар ауылы, Д.Нұрпейісова мектебінің 10-сынып оқушысы
5. Жадыра Мырзабай – Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, М.Горький атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы
6. Сымбат Құттыбай – Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы
7Айбибі Қуандықова – Астана қаласы №61 орта мектебінің 6-сынып оқушысы
8 Жібек Беркутова – Қарағанды облысы Жезқазған қаласы №1 орта мектебінің 8-сынып оқушысы
9Гүлнұр Тұрсынханова – Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінің 9-сынып оқушысы
10. Дария Исмаилова – Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы

Байқау жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 29 мамыр күні өтеді. Өтетін уақыты жеңімпаздарға қосымша хабарланады. 
Н. Айдархан