«Көктем бүрлері» мүшәйрасына шығармаларды қабылдау уақыты ұзартылды

«Көктем бүрлері» мүшәйрасына шығармаларды қабылдау уақыты ұзартылды
Фото: pixshark.com

«Тамшы» ғылым және мәдениет қоры жариялаған «Көктем бүрлері» атты жыр мүшәйрасына өлең қабылдау уақыты мамыр айының 20-сына дейін ұзартылды.

Көктем – адамның жан дүниесіне ерекше әсер ететін, жаңалықтар әкеліп, шығармашылық шабыттың шарықтайтын шағы. Ақындардың көктемді жиі жырлайтыны, әр көктемнің ақын танымына, сезім иірімдеріне ерекше әсер ететіні белгілі. Сол жырлар арқылы өлең сүйер, өнер сүйер қауым да ғажайып күйге бөленеді. Әр жыл сайын көктем мезгілінде жас ақындардың басын қосып, олардың шабыттарына дем беріп, қолдау көрсететін әдеби жиын, мүшәйралардың өтуі маңызды. Мүшәйраның өтуі өлең өлкесінде жүрген жастардың жаңа мүмкіндіктерін ашып, туындыларының жыр сүйер қауымға жол табуына әсер етеді.

Мүшәйраға әр автордан 4 өлең қабылданады. 2 өлең көктем, махаббат тақырыбындағы жырлар болуы тиіс. Келесі 2 өлең кез келген тақырыптағы ақынның мүмкіндігін көрсететін туынды болуы шарт. Мүшәйраға 30 жасқа дейінгі жас ақындар қатыса алады.

Жүлде қоры:

Бас жүлде - 200 000 теңге

Бірінші орын - 150 000 теңге

Екінші орын - 100 000 теңге (екі жүлде)

Үшінші орын - 50 000 теңге (үш жүлде)

Ынталандыру сыйлығы - 20 000 теңге (бес сыйлық)

«Көктем бүрлері» мүшәйрасының ережесімен толығырақ мына сілтемеден таныса аласыздар.

Н. Айдархан