Шәкәрім жайлы кітап ағылшын тіліне аударылды

Шәкәрім жайлы кітап ағылшын тіліне аударылды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, халықаралық «Мәңгі Ел» ғылыми-көпшілік тарихи журналының бас редакторы Ерлан Сыдықовтың «Шәкәрім» атты танымдық-ғұмырбаяндық кітабы «Шәкәрім. Қазақ ақынының өмірі» деген атпен ағылшын тілінде жарық көрді. Бұл туралы Baq.kz хабарлады. 

Осыған дейін қазақ, орыс, түрік тілдерінде шыққан әлемдік руханият тарихында орны бар қазақ тұлғасы туралы толымды еңбек ағылшын оқырмандарына жол тартты.
Кітаптың тұсаукесері 23 сәуір күні сағат 18.00-де Лондондағы Қазақстандық бейбітшілік және келісім орталығында (Англия, Лондон, 33 Grosvenor Place, London SW1A 7BY) Абай күндері қарсаңында ұйымдастырылған «Қазақтың Лондондағы өнер фестивалі» шеңберінде өтеді.
Тұсаукесер рәсімге Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми хатшысы Жанна Нұрманова, орыс филологиясы кафедрасының доценті Гүлбану Шәріпова және кітапты ағылшын тіліне аударған тәржімашы әрі Лондондағы Шыңғыс Айтматов атындағы академиясының өкілі Джон Амор қатысады.
Жалпы ақын, дінтанушы, шежіреші, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы бұл ғұмырбаяндық кітаптың ағылшын оқырмандарынына жетуі мен танылуы – Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті үшін үлкен олжа әрі Тәуелсіздік пен Елбасымыз жүргізіп отырған салиқалы саясаттың үлкен жемісі. Ұлтымыздың қайраткерлері мен санаткерлерін уақытты жоғалтпай осылайша әлемге кең таныта білсек, елдігімізге – мерей, мемлекетімізге – мақтаныш.

Сурет: bsh1.kz

Н. Айдархан