Қадыр Мырза Әлидің 80 жылдығына орай республикалық мүшәйра жарияланды

Қадыр Мырза Әлидің 80 жылдығына орай республикалық мүшәйра жарияланды

БҚО әкімдігі, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылығы орталығы Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қадыр Мырза Әлидің  80 жылдық мерейтойына орай «Өлмес өлең» атты республикалық жыр мүшәйрасын жариялады.

Өлең бәйгесі қазақ поэзиясының алып бәй­терегі Қадырдың шы­ғар­машылық асыл қазынасын ұлық­тау, ақынның рухын көтеру, өмі­рі мен шығармашылығын наси­хат­тау, тіл мәдениетін көте­ру, халық арасынан шыққан ерек­ше таланттарды тану мақ­са­тында ұйымдастырылып отыр.

Мүшәйраға 18-35 жас ара­лығындағы ақындар қатыс­ады.  Олар мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған үш өлеңін жібереді. Атап айтқанда, «Қазақтың Қадыры» /ақынға арнау/. Ел, жер тарихы туралы. Еркін тақырып. Өлеңдер 15 шумақтан аспауы керек.

Өлеңдерін А4 форматты қа­­ғазда компьютерде теріп, 2 да­на (электронды және қа­ғаз) тү­­рінде бүркеншік атпен ұйымдастырушыларға ұсынады. Қо­сым­ша бөлек конвертке шығармашылық мінездеме; жеке куәлігінің көшірмесі; 9х14 түрлі-түсті фотосуреті; үй және ұялы телефондары;  шығармалары (2 дана) салынады. Мүшәйра жабық түрде өте­­ді.

Үміткерлердің шығарма­­­ларын қазылар алқасы анық­тап, жүл­дегерлерді белгілейді. Ұйым­­дастыру комитеті мү­­­­шәй­­­раға қатысу тапсырыста­рын 2015 жылдың 15 мамыры­на де­­йін қабыл­­дайды. Тапсырыл­ған құ­­жат­тар қайтарылуға жатпайды. Ал іріктеуден өт­кен шығар­­ма­­лар байқауға қа­тыстырылып, кі­­тапшаға енгізіледі.

Бас жүлде - (біреу) - 100 мың теңге, 
І орын - (біреу) - 75 мың теңге, 
ІІ орын - (екеу) - 50 мың теңге, 
ІІІ орын - (үшеу) - 40 мың теңге, 
ынталандыру сыйлығы - (бесеу) - 20 мың теңге. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасы қосымша жүлделер тағайындауға, жүлделерді бөліп беруге немесе бермеуге құқылы.

Ақын мүшәйраға ұсын­ған шығармаларын жатқа бі­луге тиіс. Жүлдегер ақындар Орал қаласында өтетін қорытын­ды шараға арнайы шақыры­ла­­ды, өлеңдерін сахнада оқиды.

Мүшәйраға байланысты анықтамалар мен қосымша мәліметтерді мына мекенжай арқылы білуге болады:
Орал қаласы Қ.Аманжолов көшесі, 53-үй, Облыстық халық шығар­машылығы орталығы. Байланыс телефондары: 8/7112/ 24-21-69 Факс: 51-07-72, е-mail: ocnt-zko@mail.ru.

Сурет: Асылан Тілегенов

Н. Айдархан