Абайдың 170 жылдығына орай 5 томдық жинақ жарық көрді

Абайдың 170 жылдығына орай 5 томдық жинақ жарық көрді

Өскемен қаласында Абайдың 170 жылдығы қарсаңында 5 томдық жинақ жарық көрді, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы. 

Орталықтың мәліметінше, жинақты шығарған абайтанушы, әріптанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембеков. Көптомдық «Абайдың әдеби ортасы», «Әріп ақын», «Алаштың ақиығы – Әріп қыран», «Бұл өлең шыққан екен бірталайдан…», «Әріп шығармалары» деп аталатын 5 кітаптан тұрады.

Профессор Бауыржан Ердембеков көп жылдан бері Абай Құнанбайұлы шығармашылығын зерттеп келеді. Оның «Абайдың әдеби ортасы» атты монографиясына соңғы 10 жылдықтағы Абай шығармашығына қатысты ізденістері жинақталған. Бастапқыда бұл кітап төте жазумен жарық көріп, былтыр Қытай астанасы Бежіңдегі Ұлттық университетте көпшілікке ресми таныстырылған еді.

Дереккөз: kazgazeta.kz

Сурет: kk.wikipedia.org

Н. Айдархан