Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы» Жарлығына қол қойды, – деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі akorda.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Әдебиет пен өнер саласындағы 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы «Тар кезең» тарихи романы үшін жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлына; «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы үшін ақын Гүлнар Сейітжанқызы Салықбаеваға; «Песня - душа моя» жеке концерті үшін әнші Пантелей Константинович Кесоглуге;  «Реквием» вокалды-симфониялық шығармасы үшін композитор Балнұр Балғабекқызы Қыдырбекке; сондай-ақ, мына авторлар ұжымына: Асқар Исабекұлы Мырзахметовке, Бақытжан Құдайбергенұлы Әшірбаевқа, Насир Ачилович Рустамовқа, Әмірхан Бекжанұлы Шүменовке, Нұрлыжан Маратбекұлы Бөкебаевқа – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументалдық саябақ кешені үшін берілді.

Сурет: өңделген

Ш. Талап