Шабыт – 2014. Екінші кезең аяқталды

Шабыт – 2014. Екінші кезең аяқталды

Астана қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ХVІІ Халықаралық «Шабыт – 2014» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» (Поэзия) аталымы бойынша екінші кезең өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Екінші кезеңде іріктеуден өткен 50 ақын өлеңдерін оқып, бақтарын сынады. Енді қазылар алқасы осы елу ақынның ішінен жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайтын болады. 

Байқауда белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет бастап Бауыржан Қарағызұлы, Танагөз Толқынқызы, Ақберен Елгезек, Әнуар Омар сынды бір топ танымал тұлғалар қазылық етуде.

Естеріңізге сала кетсек, Халықаралық фестивальде еліміздің барлық аймағынан және Қытай, Моңғолия, Қырғызстан елдерінен жүзден астам үміткер бақ сынады. Алғашқы кезеңде 100 үміткердің ішінен 50 ақын іріктеліп, екінші кезеңге өткізілген болатын. Аталмыш фестиваль қарашаның 8-іне дейін жалғасады. Фестиваль аясында түрлі кездесулер, мастер кластар өтуде.

Бүгін сағат 16:00-де "Алматы жырлайды" атты алматылық ақындардың қатысуымен поэзия кеші өтеді. Алматылық ақындардың ішінде Бекзат Смадияр, Әріби-Әрібек Өр Алтай, Жандарбек Жұмағұлов, Айбол Исламғалиев, Шерхан Талап, Тұрсынбек Башар, Ақан Марғұлан, Еламан Хасен, Мерген Тоқсанбай, Нұртас Тұрғанбек, Темірбек Махсұтхан, Асыл Ерзат сынды жастар бар.

Екінші кезеңнен суреттер:

Астаналық Айжан Табаракқызы өлең оқуда

Массагет сайтының "Әдебиет" бөлімінің жетекшісі Шерхан Талап өлең оқуда

Қазылық ету қашанда оңайға соқпаған

Оралдық жас ақын Ләззат Мақаштың нәзік лирикасы көпшілік көңілінен шықты

Бүгін де көрермендер жырмен сусындаған күн болды

Биылғы байқаудың бас жүлдесінен үміткер ақындардың бірі - cемейлік Бауыржан Игілік

Бұл сында Олжас Қасымның да жүлде олжалар мүмкіндігі көп

Ажар Ерболған өлеңін оқуда

Ақын Аян Мераш өлең оқуда

Байқауға қатысушы ең жас ақындардың бірі - Жандарбек Жұмағұлов

Болмысы бөлек Асыл Ерзаттың өлеңі жұртшылық назарын өзіне аударды

Қарағандылық Рауан Қабиболдиннің де қарымы қатты

Әдеби ортада мықтылығын мойындатқан Саян Есжанның да бәсі жоғары

Бұл жыр додасында жүлде кімге бұйырар екен?

Сурет: ©Мassaget.kz

Н. Айдархан