Өзге ұлт өкілдері арасында республикалық «Абай оқулары» байқауы өтеді

Өзге ұлт өкілдері арасында республикалық «Абай оқулары» байқауы өтеді

2014 жылдың қазан айында Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында ХVI Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында өзге ұлт өкілдері арасында республикалық «Абай оқулары» байқауы өтеді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетінің ұйымдастыруымен өтетін шараның негізгі мақсаты – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту;

Аталған шараға республиканың 14 облысы мен республикалық бағыныстағы 2 қаласынан келген түрлі этнос өкілдері қатысады деп күтілуде.

«Абай оқулары» республикалық байқауын өткізудің Ережесіне сәйкес, байқауды өткізу шарттары:

Көркемсөз оқу шеберлігін айқындау:

- Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқу. Орындау уақыты 3-4 минуттан аспауы тиіс;

- «Абай жолы» романынан (1-кітабының «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Жолда» тарауларының бірінен) үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындау (3-4 минут).

Әншілік қабілетін таныту:

Абайдың әнін орындау (1 ән). Уақыты 3-5 минуттан аспауы тиіс.

Сондай-ақ, көрермендер назарына жергілікті театр өнерпаздарының орындауында Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығынан театрландырылған көрініс ұсынылады. Байқау қатысушыларының өнерін көрнекті абайтанушы ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы бағалайтын болады.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері, конкурсанттар арнайы дипломдармен, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады. 

Өткізілетін орны: Семей қаласы, Б.Момышұлы к-сі, 43 үй. Қалалық мәдениет сарайы. Тел.: +7 (7222) 52-38-81, 52-39-04, +7 775 516 29 69

Қосымша ақпарат үшін:

Нұраддин Садықов, «Baikadam Production» ЖШС директоры.

Тел: 87755162969, 87078408886.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: inform.kz

Ш. Талап