Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына арналған республикалық мүшәйра өтеді

 Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына арналған республикалық мүшәйра өтеді

Қазақ халқының біртуар ұлы, ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына арналған ЖОО мен орта-кәсіптік оқу орны студенттері арасында «Жүрекке ыстық, көзге сүйік өз елім» атты республикалық мүшәйра және ақын поэзиясынан мәнерлеп оқу сайысы өтеді. Бұл туралы Сәкен Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың баспасөз қызметі хабарлады.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті көрнекті ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығын кең көлемде атап өтіп, жастар арасында ақынның шығармаларын жан жақты насихаттауға шақырып үндеу жариялаған болатын. «Жүрекке ыстық, көзге сүйік өз елім» атты республикалық мүшәйра және ақын поэзиясынан мәнерлеп оқу сайысы 2014 жылдың 10 қазанында аталған оқу орнында өтеді.

Мүшәйраның талаптары мен шарттары:

1. Іс-шаралар мақсаты:

• Соңында сырлы да сазды поэзия қалдырған ақын, ғұмырын елінің жарқын болашағы үшін күресуге жұмсаған қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын, саяси-қоғамдық қызметтерін, азаматтық тұлғасын мадақтап, жыр жолдары арқылы жастар арасында насихаттау. 

• Қазақ тілінің байлығын, көркемдігін өлең-жыр арқылы көрсете білу, жастарды тілін, ділін, елін, жерін, тарихын қадірлеуге шақыру. 

• Жас ақындарды, талантты студенттерді ынталандыру.

2. Конкурс талаптары: 

• Мүшәйраға қатысушы талапкер бұрын ешбір жерде жарияланбаған, компьютерде терілген екі өлеңін жіберуі тиіс. 

Бірінші өлеңі Сәкен Сейфуллинге арналуы керек (міндетті);

Екінші өлеңі патриоттық тақырыпта болуы қажет.

• Мәнерлеп оқуға қатысушылар ақынның 2 өлеңін оқуға міндетті. Дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады. 

• Құрамында елімізге танымал жазба және айтыс ақындары, "Шабыт" байқауының жеңімпаздары болатын қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың поэзияны оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, сахнада өзін-өзі ұстауына, киім сәніне баса назар аударады.

• Іріктелген өлеңдер арнайы жыр жинағына енгізіледі.

Аталған шараларға Алматы, Атырау, Көкшетау, Жезқазған, Астана т.б. қалалардың ЖОО мен орта-кәсіптік оқу орындарының білім алушылары қатысуға ниет білдіруде. 

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, арнайы дипломдармен марапатталады.

Ұйымдастырушы:

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Байланыс телефондары: 31-75-25, 87021236826

Эл.пошта: asemgul_kazatu@mail.ru

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: өңделген

Н. Айдархан