Лев Толстойдың шығармашылығымен аргентиналықтар танысатын болды

Лев Толстойдың шығармашылығымен аргентиналықтар танысатын болды

Буэнос-Айрес қаласында орын тепкен Борхес атындағы мәдени орталықта орыстың ұлы классигі Лев Толстойдың шығармашылығына арналған көрме ашылды.

Көрменің орны кездейсоқ таңдалмаған. Көптеген зерттеушілерінің пікірінше осы екі ұлы жазушының ортақ бір ой-талғамы бар екен. Жазушылар екі түрлі кезеңде өмір сүргендерімен,  өзінің айналасындағы қоғамды сипаттап, адам баласының көркемдік және философиялық ізденістеріне жол аша білген.

Буэнос-Айресте болып жатқан көрмеде Толстойдың өте сирек кездесетін кітаптары, құжаттары және суреттері қойылған. Көрмедегі тарихи жәдігерлердің көп бөлігін «Ясная Поляна» мұражайының мамандары алып келген. Аргентинаның астанасында, сонымен қатар, Лев Толстойдың еңбектерінің желісі бойынша түсірілген кинокартиналар да қойылмақ. Қаланың тұрғындары мен қонақтарының Сергей Бондарчуктің «Соғыс және Тыныштық» және Александр Зарханың  «Анна Каренина» фильмдерін көруге мүмкіндіктері болады.

Айта кетейік, халықаралық көрме Буэнос-Айресте 8 маусымға дейін жалғасады. Көрме өз мәресіне жеткеннен кейін тарихи жедігерлер Аргентинаның басқа да қалаларын шарлап, сосын Латын Америкасының өзге де елдеріне ат басын бұрмақ.

Тағы да оқи отырыңыз:

Есей Жеңісұлы: "Бұл күнде ішім – жалғыз, өзім – өлең"

Альберт Хичкок. Ең маңыздысы– атақ-абырой (барлаушылық әңгіме)

Харуки Муракамидің жаңа кітабы жарық көрді

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.bigbook.ru

Ж. Өрісбай