Жас ақындар дуэльге шықпақшы

Жас ақындар дуэльге шықпақшы

15-ақпан күні сағат 15:00-де Орталық Азия университетінің кітапханасында "Күлтегін" бірлестігі мен "Жыртұма" поэзия клубының ұйымдастыруымен Алматы қаласы жас ақындарының ПОЭТИКАЛЫҚ ДУЭЛІ өтеді.

Дуэльде Жақсылық Қазымұратұлы, Қозыбай Құрман, Бауыржан Әліқожа, Шерхан Талап, Нұртас Тұрғанбек, Абзал Сүлейменов, Думан Рамазанұлы, Айбол Исламғалиев, Қуаныш Жазай, Аслан Тілегенов сынды жастар жырдан шашу шашады. Сонымен қоса, Республикамызға белгілі ақын  және  әдебиет сыншылары Әмірхан Балқыбек, Мұрат Шаймаран, Аманхан Әлім, Бақыт Беделхан, Ырысбек Дәбей сынды қонақтар шақырылып отыр.

Есенин мен Маяковский ізін жалғаған жастардың бұл бастамасы тұңғыш рет қолға алынып отыр. Кеш барысында ән шырқалып, күй тартылады. Келем деушілерге есік ашық.

Поэтикалық дуэль Орталық Азия Университетінің (Алматы қаласы, Жандосов к-сі, 60 үй, Гагарин көшесінің қиылысы) кітапханасында өтеді. Байланыс телефондары: 8(727)274-48-41, 87059114318

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: өңделген

Н. Айдархан