Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Жаңалық / Есенқұл Жақыпбектің 60 жылдығы аталып өтті

Есенқұл Жақыпбектің 60 жылдығы аталып өтті

Есенқұл Жақыпбектің 60 жылдығы аталып өтті

10 ақпан – белгілі ақын Есенқұл Жақыпбектің туған күні. Ақынның арамыздан алыстағанына бірнеше айдың жүзі болды. Осыған орай Қазақстан Жазушылар Одағында алпысына жете алмаған аяулы ақынды еске алуға арналған «Менен де осы өтті өмір...» атты кеш өтті. Бұл кеш Қазақстан Жазушылар Одағы және Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Президент стипендиясының, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері, Мәдениет саласының үздігі, белгілі айтыскер ақын Есенқұл Жақыпбек арамызда болғанда асқаралы 60 жасын тойлап отырар еді. Алаш ардақтаған ақынның аяулы бейнесі ұрпақ жадынан ұмытылмақ емес.

Кеш шымылдығы Есенқұл Жақыпбектің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнесюжетпен ашылды. Алғашқы сөз кезегі ҚР Сенатының депутаты, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Нұрлан Оразалинге берілді. Нұрлан Мырқасымұлы Есенқұл Жақыпбектің өмірі мен шығармашылығы, азаматтығы туралы айтып, ақынның жары Меңсұлу апайға камзол жапты. Әнші-сазгер Жәкен Омаров Есенқұлдың сөзіне жазылған, қазақ жігіттерінің рухани қуатына айналған «Біздің елдің жігіттері» (әні Ж.Омаров) әнін орындады. Есенқұл Жақыпбектің жаназасында Ұзынағашқа жиналған халықтың жанарын жасқа толтырып, ақынды арғы дүниеге аттандырып салған «Алдай-ау» әнін ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер Бекжан Тұрыс орындады. Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері ақын өлеңдерінен композициялық қойылым қойды. Тұңғышбай Жаманқұловтың орындауында халыққа танымал болған «Өнер адамы» (әні Қ.Көбентаев) әнін Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі, «Дарын» Мемлекеттiк жастар сыйлығың иегері Әсет Иманғалиев орындады. 

Танымал әнші Саят Медеуов Жәкен Омаровтың әніне жазылған Есенқұл Жақыпбектің «Өзіңді аңсап» әнін әуелете шырқады. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Мұқағали» журналының бас редакторы, ақын Батық Мәжитұлы Есенқұл Жақыпбек туралы естеліктер айтып, өткір тілді ақынның тапқырлықтарына тоқталып өтті.

Сондай-ақ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ақан Әбдуәлі, танымал әнші Роза Әлқожа сынды өнер шеберлері Есенқұл Жақыпбектің сөзіне жазылған әндерді әуелетіп, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Әбубәкір Қайран сөз сөйледі. Ақын Алмат Исәділ Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполовтың тілектестік сәлемдемесін жеткізіп, Меңсұлу апайға камзол кигізді. Кеш тізгінін Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ақын, журналист Жанарбек Әшімжан ұстады.

Кеште айтылған әдемі жыр, әсерлі әуен, естелік-әңгімелер халық мерейін көтеріп, ақынға деген сағыныш сезімін маздатып кеткендей болды. Осылайша «айтыста – шақпа, поэзияда – ақпа ақын» атанған Есенқұл Жақыпбектің екінші өмірі енді басталғандай болды.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Нұржігіт Айдархан

Қосылған күні: 11 ақпан 2014, 09:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.