Мағжан атындағы байқаудың жүлдегерлері анықталды

Мағжан атындағы байқаудың жүлдегерлері анықталды

Жуырда алты алаштың ардақ тұтар арысы, асқақ ақын, қайраткер тұлға Мағжан Жұмабаевтың туғанына 120 жыл толуына орай Сүлеймен Демирел университеті және халықаралық «Мағжан» әдеби-шығармашылық, өнер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тек «ел» деген сөз үшін!» атты талантты жастардың республикалық байқауының қорытынды жабылу салтанаты болып өтті.

Аталған байқау туралы Massaget.kz cайты алдын ала хабарлаған болатын. Шығармаларды қабылдау 2013 жылдың қазан айында басталып желтоқсан айына дейін созылды. Байқауға еліміздің түгелге дерлік ЖОО студенттері қатысты. Бұл байқау шығармашылықтың жан-жақты салаларын біріктіруімен ерекшеленеді. Байқау «Қысқа көлемді бейнебаян» (М.Жұмабаев немесе барша алаш зиялыларының қызметі мен өміріне, артына қалдырған мұрасына байланысты. Бұл шарттар аталған үш бөлімге де қатысты), «Көркем сөз» (эссе, әңгіме, т.б.), «Көсем сөз» (публицистикалық мақала), «Поэзиялық шығарма», яғни жас ақындар мүшайрасы сынды төрт бағыттан тұрды.

Байқауға еліміздің 27 ЖОО-нан 200-дей студенттің жұмысы келіп түсті. Байқауға Филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы Айгүл ІсмақоваФилология ғылымдарының докторы, профессор Гүлзия Пірәлиева, Қ.Р. Еңбек сіңірген қайраткері, сыншы Әлия Бөпежанова, ақын Қазыбек Иса, ақын Маралтай Райымбекұлы, актер Дулыға Ақмолда, журналист-ұстаз Жылбек Керімбек, дәстүрлі әнші Еркін Шүкіман, профессор Құдайберген Тұрсын сынды белгілі тұлғалар төрелік етіп, кеш қонағы болды.

Байқау қорытындысы бойынша «Поэзия» аталымынан бірінші орынды әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті Бауыржан Мырзақұлов иеленді. Екінші орынды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Еркін Исахан еншілесе, үшінші орын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті Бекзат Смадиярға бұйырды. «Сәкен Сейфуллин» атындағы жүлдені С.Демирел атындағы университеттің студенті Айгерім Қуанышбаева, «Сұлтанмахмұт Торайғыров» атындағы жүлдені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті Айбол Исламғалиев, «Міржақып Дулатұлы» атындағы жүлдені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті Нұртас  Тұрғанбек, «Мағжан Жұмабаев» атындағы жүлдені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті Абылайхан Жұмашев иеленді. 

«Көркем сөз», яғни проза аталымынан бірінші орынды Өнер академиясының студенті Зейнеп Ануар жеңіп алса, екінші орын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті Салтанат Мінәйханның еншісіне тиді. Ал, үшінші орын Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенті Жанат Жайлыбайға бұйырды. Бұл атылым бойынша «Жүсіпбек Аймауытов» атындағы жүлдені С.Демирел атындағы университеттің студенті Абылайхан Есімбай, «Шәкәрім Құдайбердіұлы» атындағы жүлдені Қазақ Ұлттық Өнер университеті студенті Ақжарқын Қызай иеленсе, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-дың студенті Әділбек Өмірзақов пен Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық МПИ-дың студенті Елдос Тоқтарбай арнайы сертификаттармен марапатталды.

«Бейнебаян» аталымы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студентері Айбек Шегебаев, Айгерім Қырғызбаева, Асан Алиев, Майра Пәрімбектерден құралған топтың жұмысы үздік деп танылды. Екінші орын тағы да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті Досжан Балабекұлының еншісіне тисе, үшінші орын С.Демирел атындағы университеттің студенті Асыл Мамырхановаға бұйырды.

«Көсем сөз» атыламы бойынша бірінші орын С.Демирел атындағы университеттің студенті Нұргелді Әбдіғаниұлына берілді. Екінші және үшінші орын тиісінше Астана қаласындағы МКҚК Оқушылар сарайы, «Жас Журналистер» үйірмесінің шәкірті Гүлбақыт Елібаева мен Шәкәрім атындағы СМУ-дың студенті Құндыз Тауасароваға бұйырды. «Бауыржан Момышұлы» атындағы жүлдені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті Мәди Ахметов, «Әлихан Бөкейханов» атындағы жүлдені Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-дың студенті Баданова Шынар, «Асқар Сүлейменов» атындағы жүлдені Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың студенті Зере Смағұл, «Тұрағұл Абайұлы» атындағы жүлдені Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың студенті Абылайхан Кенжетай, «Мехмет Акиф Ерсой» атындағы жүлдені Н.Гумилев атындағы ЕҰУ атынан Ербол Алшынбайұлы иеленді. Сондай-ақ Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының студенті Қайсар Толымбек арнайы сертификатпен марапатталды.

Кеш соңында Мағжан Жұмабаевтың ғұмырына байланысты түсірілген режиссер Марат Қоңыровтың «Мағжан» деректі-көркем фильмінің көрсетілімі болып, басты рөлдерді сомдаған актерлермен кездесу болып өтті.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Досжан Балабекұлы

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан туралы бейнеролик "Үздік тревел видео" номинациясын жеңіп алды
Қазақстан туралы бейнеролик "Үздік тревел видео" номинациясын жеңіп алды
Еліміздің үздік педагогтері мұғалімдер күні қарсаңында анықталады
Еліміздің үздік педагогтері мұғалімдер күні қарсаңында анықталады
Психолог кеңесі: қашықтан оқыту кезінде күйзелісті қалай жеңу керек
Психолог кеңесі: қашықтан оқыту кезінде күйзелісті қалай жеңу керек
Депозит ашарда нені білу керек?
Депозит ашарда нені білу керек?
Kaspi.kz – Қазақстандағы электрон коммерция бойынша № 1 интернет-дүкен
Kaspi.kz – Қазақстандағы электрон коммерция бойынша № 1 интернет-дүкен
Қазақстанда өлім жазасы жойылды
Қазақстанда өлім жазасы жойылды