Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Жаңалық / Корей қызы қазақ тіліне байланысты диссертациялық еңбек жазбақшы

Корей қызы қазақ тіліне байланысты диссертациялық еңбек жазбақшы

Корей қызы қазақ тіліне байланысты диссертациялық еңбек жазбақшы

Ын Жу Ку есімді кәріс қызы Қазақстанға ғылыми десертацилық жұмысының негізінде келген екен. Ол осыдан сегіз жыл бұрын Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіде оқыған. Бүгінгі таңда Ұлыбританиядағы Кембридж университетінің студенті. Кореяда оқып жүрген кезінде Орталық Азия елдерінің ішінен зерттеу нысаны ретінде Қазақстанды таңдапты.

Ол өзін Інжу деп таныстырды. Қазақша «сайрап» тұрмаса да, қара танымас қала қазақтарын жолда қалдырады. Інжудің басты мақсаты өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілге көзқарасын, орыс тілді қазақтар мен қазақ тілді жастардың менталитетін салыстыра отырып, ғылыми еңбек жазып шыққысы келеді. Және оның еңбек нарығына әсер етуі жайында тереңірек зерттемек ойда. Диссертациялық жұмысын өзіне ыңғайлы ағылшын тілінде жазбақшы. Алғаш Қазақстанға оқуға барамын деген кезде ол қай жерде деп сұраушылар көп болған екен. «Қазақстанды Ауғанстан, Сауд Арабиясымен шатастырғандар көп болды. Ал, қазір сіздің елді көбі біледі. Қазақстан өте тез даму үстінде» дейді.

Інжу: «Корей тілі мен қазақ тілінің грамматикасы өте ұқсас келеді. Маған орыс тілін үйрену қиындау. Қазақ тілі өте бай тіл. Әсіресе мақал-мәтелдері, нақыл сөздері және ауыл адамдарының тілі құнарлы болып келеді. Менен көп адамдар неге қазақ тілінде оқуды таңдадың деп жиі сұрайды. Маған қазақ халқы қонақжай, мейірімділігімен ұнайды. Корей мен қазақ халқының менталитетінде ұқсастықтар көп. Мысалы, үлкенді сыйлау. Біздің елде де үлкен адамдардың жолын кеспей, сыйластық білдіріп жатады. Қазақтың әжелері көшеде қайыр сұрап тұрғанын көрген емеспін. Қолын жайып тұрған өзге ұлт өкілдерін байқап қаламын. Ал, қазақы таным-түсінікте қол жайып қайыр сұрау – үлкен ұятты жағдай екенін білемін. Сондай-ақ, келін мен ене арасындағы қарым-қатынас та ұқсас. Корей телесериалдарында да байқаған шығарсыздар. Осындай ұқсастықтардың себебінен де біздің телесериалдарымыз сіздерге ұнайтын шығар» деп ақтарыла сөйледі.

Ал, көшеде көлік ішінде қатты қорқады екен. Біздің жүргізушілердің жылдамдығы, асығыстығынан көңілі қалыпты. «Мен ылғи таксимен жүремін. Сол кезде жүргізушілердің жылдамдығынан "ана жаққа" бүгін кетіп қаламын ба деп зәрем ұшып отырады» дейді. Сонымен қатар: «Мен сегіз жыл бұрын адамдармен тек қазақша сөйлесетін едім. Тіл үйрену үшін тәжірибе қажет. Сол кезде кейбір адамдар маған күлетін. Мысқылмен қарайтын. Сол кезде маған өте ауыр болады» дейді. Десе де қала қазақтарының орыс тіліне бүйрегі бұрып тұратынын өткен тарихымыздағы саяси, әлуметтік жағдайлардың әсері екенін жақсы түсінетінін жеткізді. Кезінде Жапония мен Оңтүстік Корея арасында да осындай жағдай болыпты. Саяси, территориялық әсерге байланысты Корей халқының басым көпшілігі жапон тілінде сөйлеп кеткен екен. «Бүгінгі таңда біртіндеп түзеліп келеді. Оған уақыт керек дейді» корей қызы.

Інжу өз кезегінде Қазақстан күн сайын даму үстінде екенін, «Болашақ» бағдарламасымен немесе өз еркімен барған Англиядағы қазақ студенттерінің білімді, тәрбиелі екенін баса айтып өтті. «Мен Англиядағы қазақ студенттерін жақсы білемін. Бәрі де ақылды, білімді. Осы студенттер ертеңгі күн Қазақстанның болашағы үшін аянбай қызмет етеді деп ойлаймын» дейді. Інжу Шымкент қаласына барғым келеді дейді. Біз де көкейге келген «Неге? Не себепті Шымкент қаласы?» деп сұрақты төтесінен қойдық. Бұл сұрағамызға: «Менің Корея елшілігінде жұмыс жасайтын бір құрбым жақында Шымкент қаласына барып қайтты. Оның айтуынша Шымкент – үлкен қала көрінеді. Адамдарының бәрі қазақ тілінде сөйлейді екен. Маған «сен үшін өте жақсы» деп қызығушылығымды оятып қойды» деп жауап берді.

Қыз баласының ғылым жолын таңдап, тіпті шет елдерде зерттеу жүргізіп жүргеніне ата-анасы қалай қарайды екен? Бұл сұраққа: «Мен жас бала емесіпін. Өз еркім өзімде. Қазір 28 жастамын. Бұл ісіме әке-шешем қарсы емес» дейді. Егер жақсы жігіт болса корей болсын, қазақ болсын етегінен ұстауға дайын екенін де айтып өтті. 

Сұхбаттасқан және суретке түсірген: Нұржігіт Айдархан

14
Рейтинг: +6

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 12 желтоқсан 2013, 18:37

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.