Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Жаңалық / «Жас өркен» «Үш бәйтерек жылын» өткізбекші

«Жас өркен» «Үш бәйтерек жылын» өткізбекші

«Жас өркен» «Үш бәйтерек жылын» өткізбекші

Балалар әдебиетін насихаттау мақсатында «Балдырған», «Ақ желкен», «Ұлан», «Дружные ребята» сынды балалар басылымдарының басын біріктіріп отырған мемлекеттік «Жас өркен» серіктестігі келесі, 2014 жылды «Үш бәйтерек жылы» деп жариялап отыр. Үш бәйтерек – қазақ балалар әдебиетінің үш алыбы Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі және Тұманбай Молдағалиев.

Биыл бүлдіршіндерге арналған тұңғыш қазақ журналының тұңғыш бас редакторы Мұзафар Әлімбаевтың 90 жылдығы болса, «Балдырғанның» Мұзағаңнан кейінгі жылдардағы бас редакторы Тұманбай Молдағалиев пен оның құрдасы Қадыр Мырза Әлінің 80 жылдығы келе жатыр.

Осыны ескере отырып, «Үш бәйтерек» жылында «жасөркендіктер» жыл бойы балалар әдебиетінің жауһарларын жариялап, мектептер мен жоғары оқу орындарында кездесулер ұйымдастырмақ екен. Балалар шығармашылығына арналған түрлі конкурстар мен байқаулар өткізбек ниеттері де бар. Ұйымдастырушылар білім беру саласының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқутушылары мен мектеп мұғалімдері, барша қаламгер қауым, қалың оқырманды «Үш бәйтерек жылы» шарасына белсене қатысуға шақырады.

Толығырақ төмендегі телефон нөмірлері және электронды пошта арқылы хабарласа аласыздар: +7 727 3955195, +7 7754527978, +7 707 8296227,  jorken@mail.ru, ak_jelken@mail.ru, jurnal-baldirgan@mail.ru, npulan@mail.ru

Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 12 қазан 2013, 15:04

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.