"ҚазҰУ-ым – темірқазығым" атты мүшәйраға қатысыңыз

"ҚазҰУ-ым – темірқазығым" атты мүшәйраға қатысыңыз

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті «ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс» кафедрасының ұйымдастыруымен 2013 жылы 5 желтоқсанда  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған «ҚазҰУ-ым – темірқазығым» атты жыр мүшайрасы өтеді.

Байқауға Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студент, магистрант ақындары қатыса алады. Мүшайраның мақсаты - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық тарихи жетістіктерін саралап, жыр жолдарымен өрнектеу.

Бір ескере кетерлігі, бұрын жарияланбаған өлеңдер ғана қабылданып, мынадай тақырыптар бойынша өтеді: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті туралы өлеңдер; «Тәуелсіздік – тұғырым» атты патриоттық өлеңдер; еркін тақырып. Бас жүлдеге 50 000 теңгедей ақшалай сыйлық берілсе, ынталандыру орындарына бағалы заттар тарту етіледі.

Мүшайраға қатысушы талапкерлер осы үш тақырыпқа арналған өлеңдерін 2013 жылдың 5 қазан – 20 қараша аралығында «Мүшайраға» деп, бүркеншік атпен жіберуі тиіс. Қосымша бөлек конвертте автор жайлы мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, телефондары, суреті, ақынның шығармашылығы туралы шағын ақпарат т.б.) толық жазылуы керек. Өлеңдердің электронды нұсқасы қоса жіберілуі тиіс.

Өлеңдерді мына мекен-жайға жіберу керек: әл-Фараби даңғылы 71, журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы, 223 каб.

Электронды почта: nazgul_71@mail.ru

Хабарласу үшін – 8 (727) 3773443, моб. 8 701 993 90 07 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: foren.germany.ru 

Л. Лига