Көлеңкеде кітап оқу зиян емес

Көлеңкеде кітап оқу зиян емес

Көмескі жарықта кітап оқу көзге зиян болмай шықты. Ертеден келе жатқан болжамның дұрыс-бұрыстығы анықталды.  

Ақиқатына келгенде, көмескі жарықтан көзге зиян келуі көз бұлшық еттерінің жұмысымен тікелей байланысты екен. Егер бұлшық еттерді сәл демалдырып алар болсаңыз, көзге еш қауіп келмейтіні айтылады. Бір ғана мысал, алыс уақытта өмір сүрген ата-бабаларымыз май шамның жарығында қанша кітап оқыса да, көз жанарларының өткірлігін бір кем жоғалтпаған болып отыр. 

Дегенмен, жарық сәулесінің небір жасанды түрлері тұрмыста көптеп шығарылғанымен, алыстан көрмеушілік (близорукость) күн тәртібінен қалмай келе жатыр. Ғалымдар ордасы жаңа ғасырдағы осы бір көз кемістігін интернеттің әсеріне жатқызады. Батыл шешім. Белгілі бір затқа нақтылы, аса мән беру алыстан көрмеушілікті туғызары анық.

Күнделікті өмірде көпшілік оқырман көмескі жарықта кітап оқуыңызға қарсы ғой. Олардың ойынша, көзіңіздің нашарлауы көмескі жарықтың әсерінен болар. Алайда, дей тұра, ғасыр аралығында жүргізіліп келе жатқан адам баласының бірде-бір зерттеуі көмескі жарықтың көзге зиян екенін анықтап бере алмаған. Бұған не дейсіз? Кітап пен жарық арасында талас тартыссыз...

Аңыз астарында ақиқат емес, ата-ананың бала ұйқысына келгенде ыждаһаттылығы танылмақ. Баласының түн ұйқысын бұзбай, ерте жатқанын қалайтын бір ата-аналар бүгінгі түсініктің негізін қалауы да әбден мүмкін.

* * *

Кітап оқуды жақсы көресіз бе? Үзілісте жаттығу жасап тұрасыз ба?

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: knig.org.ua

Л. Лига