Иіскеуге болатын кітап

Иіскеуге болатын кітап

АҚШ-та иіскеуге болатын кітап шыққан.

Авторы – Нью-йорктік қонақүйлердің бірінің есікшісі (консьерж). Мұндай ойға қонақүй қонақтарының үнемі қаладағы үздік пицца, үздік ішімдік, үздік кофелерді сұрауы жетелеген.

Америкалықтың сөзіне сенсек, ол үнемі туристерге аталған жерлерге жол сілтеп, "ары қарай иісі алып жүреді" деп қосып айта отыратын көрінеді. Ақырында ол өзіндік бір жолсілтеме кітабын басып шығаруды ойға алыпты.

Атауы – "New York, Phew York". Оның көмегімен оқырман әрқилы мекеннің кескінін көріп қана қоймай, сонымен бірге иісін де сезіне алмақ. Ол үшін арнаулы беттердегі суреттерді саусақпен түртсеңіз, жеткілікті.

"New York, Phew York" кітабы Нью-Йоркті алып жатқан отыз әртүрлі иістен құралған.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: sunstonemassage.com 
Л. Лига