Адель балаларға арнап кітап жазатын болды

Адель балаларға арнап кітап жазатын болды

Puffy басылымы 25 жастағы әнші Адельге балаларға арнап әңгіме жазуын өтінген.

Әңгіме тілі оқуға жеңіл әрі қызылды-жасылды бояуларға толы болуы керек екен. Және Адель аналық тәжірибесі мен сезім-иіріміне иек артуға пейілді. (Адельдің Саймон Конецкиден он айлық баласы бар).

Кітап жазу идеясы Адельге ұнаған сияқты. Әңгімеде әншінің жеке өміріне қатысты ақпарлар келтірілмейді, тек, ұлының дүниеге келген бірінші күні және өзінің сол ұлға не қалдырғысы келетіндігі туралы айтылуға тиісті. 

Әншіге бұл таңдау жайдан-жай түсіп отырған жоқ көрінеді. Оның шығармашылығы мен жетістіктері Puffy басылымын осы бір қадамдарға итермелеген.  

Соңғы кезде танымал жандар арасында балаларға арнап кітап жазу үрдіске айналып бара жатыр. Мүмкін, Адельдің де Мадонна немесе Дэвид Уильямс секілді ертегі жазуда жетістіктерге жетіп те қалатыны бір шындық шығар. Ал әзірше оны Джоан Роулингпен бір қатарда салыстыра отырайықшы...деңгейлесе алатынына шәк келтірмейді.

Мұнымен қоймай, Адельді киноға түсуге шақырған. Жеке өмірінде тыныштық орнаған, қайғылы әндерді жазбауға бекінген әншінің киноға түсе қоюы екіталай секілді.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет:show.obozrevatel.com 

Л. Лига