Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Адам ішіндегі екі қасқыр

Адам ішіндегі екі қасқыр

Адам ішіндегі екі қасқыр

Бірде қария өз немересіне өмір шындығының бір сырын ашқысы келді:

— Әр адамның бойында екі қасқырдың таласына ұқсас арпалыс жүріп жатады. Бір қасқыр зұлымдықты бастайды: қызғаныш, отты кек, эгоизм, өтірік, өкініш, менмендік. Екінші қасқыр жақсылықты көксейді: бейбітшілік, махаббат, үміт, шындық, қайырымдылық пен адалдық. 

Атасы айтқан сөздердің тереңіне шомып, біраз уақытқа ойланып қалған немересі:

— Түбінде қай қасқыр жеңіп шығады? — деп сұрады.

Қария жай ғана езу тартты да, немересіне былай деп жауап берді:

— Екі қасқырдың қайсысын асырайсың, әрқашан сол жеңіп отырады.

Ержүректілік сабағы

Бірде бір жас жауынгер данышпан шалдың алдына барып, ержүректілікке үйретуін өтінді. 

Ержүрек болатындар... Рухты болуға үйретпейтін секілді, батырлыққа да баулуға болмайды. Батырлық тәлім береді. Қаласаң, мен саған көмектесіп көрейін, — дейді шал.

Сосын жас жігітті жалғыз соқпақ өткелмен ертіп алып, үлкен тау сарқырамасының бір тұсына алып барып:

 — Сен ержүрек емессің. Ендеше, сен биіктен қорқуға тиіссің. Осында қалып кіші үрейді үлкен қорқынышпен жеңесің немесе шөл мен аштықтан өлесің, — деп, сол тұста жалғыз өткелден өзі өтіп кетіп, өткел арқанын қиып жібереді.

Тек үш күн өткенкеннен кейін барып қана жас жауынгер өткелден төмен құлауға бекінеді (суға түседі). Артынша қарт данышпанның алдына барады.

— Міне, сен де енді кіші үрейді үлкен қорқынышпен жеңіп үйрендің. Артында өлім күтіп тұрған сәтте, ержүрек болу оңай. Осы жайында білген адам соғыста бір кем сескенбес. Ал ержүректіліктің өзге түрлері туралы айтар болсақ, оларды өмір өзі үйретеді, — деп шал жымиған деседі.

Сенім

Жапондық ұлы әскербасы Нобунага бір жолы дұшпандарына тойтарыс беруді ойлайды. Сол кездегі дұшпаны сан жағынан да, сапа жағынан да көш бой алда тұрған кезі екен. Ал өз жауынгерлері сол уақытта соғыста жеңетіндеріне сенімсіз болған. Содан не керек, қалың әскерді бастап бара жатқан жолда, ұлы көшбасшы бір храмның жанына келіп, нөкерлеріне тіл қатқан деседі:

— Қазір осы храмға кіріп шыққан соң, жерге тиын тастайтын боламын. Бүркіт түссе, біз жеңеміз, ал сан түссе, соғыста жеңілеміз.

Храм ішінде жалғыз өзі сыйынып шыққан соң, жерге тиын тастайды. Бүркіт. Жау жаққа жанкешті жүгірген жауынгерлері сол күні жеңіске жетіп, дұшпан жағы еш егессіз берілген екен.

— Ештеңені өзгертуге болмайды, бәрі тағдырдың қолында ғой, — деп соғыс аяқталысымен қасына қолбасшысы келіпті.

— Дұрыс айтасың, ештеңені өзгертуге болмайды, — деп Нобунага қолындағы екі жағында да бүркіт тұрған жалған тиынды көрсеткен көрінеді.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Дайындаған: Ла Лига
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 23 наурыз, 09:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.