Сухомлинский: "Махаббат – сүйген адамыңның өміріне жауапкершілік алу"

Сухомлинский: "Махаббат – сүйген адамыңның өміріне жауапкершілік алу"

Кеңес заманындағы жаңашыл педагог В.А.Сухомлинский бала тәрбиесіне қатысты біраз терең еңбек жазған. Соның ішінен ең маңызды афоризмдерді іріктеп, назарыңызға ұсынып отырмыз.

► Өзіңді күштеп бір нәрсе айту қиын. Үндемей қалу одан да қиын. Ал өзіңді ойлануға мәжбүрлеу тіпті одан да қиын. Ал ең қиыны – бірдеңені сезіну үшін өзіңді қинау.

► Адамның адамгершілігі, кеңпейілдігі, мейірімділігі балаға қарым-қатынасы арқылы өлшенеді деп зор сеніммен айта аламын.

► Махаббат – сүйген адамыңның өміріне жауапкершілік алу.

► Әр ұстаз титтей де болса баланың бойындағы шамшырағын жағуы және ешқашан өшірмеуі тиіс.

► Көркем әдебиетті парақтауды әдетке айналдырмасаң, білімге құмарлығыңның пайдасы шамалы.

► Қуыс кеуде болғаныңа ұял. Ұстанымыңа адал болмағаныңа, ерік-жігеріңнің әлсіздігіне ұял.

► Өзінің бала болғанын ешқашан ұмытпайтын адам ғана ең жақсы мұғалім бола алады.

► Мектепте бәрінен бұрын тіл мәдениеті жоғары болуы қажет.

► Музыка – ойдың құдіретті қайнар көзі. Баланы әнге баулымайынша, миы толық дамып жетілмеуі де мүмкін.

► Махаббат туралы сөз – нағыз сезімнің дәлелі емес.

► Гимнастика адам денесін қалай түзулесе, музыка адам жанын солай тазартады.

@. @assel_assanova