Ана да бақытты болуға жаралған!

Ана да бақытты болуға жаралған!
Фото: pure-t.ru

Ертеде бір материалдық жағдайы төмен отбасы өмір сүріпті. Шарасыз ана балапандары үшін шыр-пыр боп жұмыс істеп, тамақ тауып, кірі-қоңын жуып, өмір көшіне әрең ілесіп жүреді.

Бір күні бар күші сарқылған ол бір данышпанға ақыл сұрайды. Жақсы ана болудың сырын білгісі келеді.

Оның алдынан терең ойға батып шығады. Сол сәттен бастап өзгеріп кетеді. Жоқ, отбасыда әлі де бұрынғыдай ақша жетпейді. Балалар да оның тілін алғыш боп кеткен жоқ. Бірақ анасы енді оларға ұрыспайды, ал ақша жүзі үнемі күлімдеп тұрады. Аптасына бір рет базарға барып, кешкісін оралғанда бірден бөлмесіне кіріп кетеді.

Балалар бұл қылығының сырын ұқпай дал болады. Бір күні қанша тыйым салса да, балалары анасын аңдып, құпиясын ашады. Бір кезде анасы үстел басында тәтті бәлішпен шай ішіп отыр екен.

«Анашым, мұныңыз қалай? Ал біз ше?» – деп шулай кетеді балалар.

«Тұра тұрыңдар, балапандарым!» – деп байыппен жауап береді: «Мен сендердің бақытты ананың үлгісін көрсетіп отырмын!»

Өмірде қай ананы қарасаңыз да, балаларымның бақыты үшін деп тәуліктің жартысында өзін үкіметтің жұмысына арнап, қалған бөлігін балаларына арнап, өзі туралы тіптен ұмытып кетеді. Жұмыс істеп, балаларын ешкімнен кем қылмайын деген ниеті жақсылыққа әкеле ме, жоқ па – оған да ешкім кепіл бола алмайды. Ал балаларының бақытын көргісі келген ана алдымен өзі бақытты болуы керек.

@. @assel_assanova